Каннибализм (зоология)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Каннибализм (мағына) деген бетті қараңыз.

Каннибализм (французша cannіbale, испанша canіbal – кісі етін жеуші, жалмауыз), биологияда – жануарлардың өзімен бір түрге жататын организмді жеуі, түр ішіндегі жыртқыштық.

Каннибализм сыртқы орта жағдайлары қолайсыз, популяция тығыздығы тым жоғары, қорек немесе су тапшы болғанда байқалады. Каннибализмге аталықтарынан гөрі аналықтары бейім болады. Кейбір түрлерде эвол. даму барысында қалыптасқан түр үшін тиімді де тұрақты құбылыс – облигаттық каннибализм ажыратылады. Мысалы, ұн зауза қоңыздары (Tenebrіo) өз жұмыртқаларын жеу арқылы (оофагия) популяция тығыздығын тежеп отырады; қарақұрт пен дәуіттердің аналықтары шағылысқаннан кейін аталықтарын; Америка саламандрасының аталығы ашыққанда, өзінің уылдырығының біразын; паразиттік тіршілік ететін шаншарлар (Galesus) бір ғана дернәсілін қалдырып, өзгесін жеп қояды. Кейбір жыртқыш балықтар (мысалы, Балқаш алабұғасы) өз майшабақтарын жеу арқылы басқа азық қоры жоқ су қоймаларын да игере алады. Сонымен каннибализм популяция санын қорек мөлшеріне сәйкестендіру арқылы популяцияның сақталуына септігін тигізетін реттеуші механизм қызметін атқарады. Каннибализм құбылысы жануарлардың 1300-ден астам түрінде, әсіресе, кеміргіштер, приматтар, жыртқыштардың арасында жиі кездеседі[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том