Жартылай қатты қанаттылар
Жартылай қатты қанаттылар Қазбалық ауқымы: Moscovian–recent | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Кіші отрядтары | ||||||||||||
Жартылай қатты қанаттылар, қандалалар (Hemiptera) – жәндіктер класының бір отряды. Жер шарында кең тараған.
50 тұқымдасқа бірігетін 25 – 30 мыңдай (кейбір деректерде 40 мыңдай) түрі белгілі. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1500-дей түрі бар. Құрлықтағылары өсімдікке жабысып, топырақ бетінде, ағаш қуысының астында, құм арасында, су қандалалары суда тіршілік етеді. Бұлардың қазба қалдығы юра кезеңінен белгілі. Дене тұрқы 0,7 – 120 мм. Аузы шаншуға, соруға бейім. Мұртшалары жіп тәрізді (4 – 5, кейде 1 – 3 буынды). Қысқа қанаттары екі жұп, алдыңғылары қаттылау. Аяқтары секіруге, қазуға бейімделген. Жартылай түрленіп көбейеді (4 – 5 жұмыртқа салады, дернәсілі бірден ересек қандалаға айналады). Хош иіс шығаратын безі (ересегінде – кеуде қуысында, дернәсілінде құрсағында орналасады) бар. Сілекейі улы болады. Жартылай қатты қанаттылардың көптеген түрлері өсімдік шырынын сорып, ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына, су қандалалары балық уылдырығын, майда шабағын жеп, балық шаруашылығына зиян келтіреді. Жыртқыш түрлері адам және жануарлар арасында әр түрлі аурулардың қоздырғыштарын таратады. Бұлардың ішінде (Anthocorіdae, Nabіdae, Mіrіdae, Petaromіdae тұқымдасының өкілдері) зиянды жәндіктер мен кенелерді құртатын, өсімдіктерді тозаңдандыратын, балыққа жем болатын пайдалы түрлері де кездеседі. Жартылай қатты қанаттыларды жою үшін дезинсекция жасалады. [1]