Мазмұнға өту

Без

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Без, биологияда — адам мен жануарлар организмінде арнаулы заттар — секреттер бөліп шығаратын органдар. Без өзінің атқаратын қызметіне қарай: сыртқы секреция бездері (мысалы, бауыр, сілекей бездері) және ішкі секреция бездері (мысалы, қалқанша безі, гипофиз, эпифиз, бүйрек үсті безі) болып бөлінеді. Қалқанша безі (glandula thyroіdea) адамда кеңірдектің қалқанша шеміршегі мен 5—7-кеңірдек сақиналары аралығында орналасқан, организмнің өсуін, дамуын, ондағы зат алмасуды реттейтін, құрамында иоды бар гормон түзіп, оны өзіне жинайтын орган. Қалқанша безі адамда, сүтқоректілерде біреу, ал қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда жұп болады. Пішіні таға тәрізді, екі бөліктен тұрады. Ересек адамдарда салмағы 25 — 30 г. Жас ұлғайған сайын кішірейе береді. Әйелдің қалқанша Б-і еркектің қалқанша Б-іне қарағанда үлкендеу және жүктілік кезінде оның көлемі ұлғаяды. Тағамда иодтың жетіспеуі адамды бұғақ (зоб) ауруына шалдықтырады. Гипофиз (грек. hypophysіs — өсінді) — мидың төменгі қосалқы бөлігі, организмге қажетті әр түрлі гормондар бөліп шығаратын орган. Адамда гипофиздің салмағы 0,5 - 0,6 г. Ол алдыңғы (безді), орта (аралық) және артқы (жүйкелі) бөліктен құралған. Гипофиздің қызметі шамадан тыс күшейіп немесе әлсіреп кетсе, ол организмге елеулі әсерін тигізеді. Мысалы, гипофиздің ішкі секрецияны өте көп шығаруы баланың бойын шамадан тыс өсіріп, акцелераттануға ұшыратады. Гипофиздің қызметі әлсіреген жағдайда баланың бойы өспей қалады, организмде зат алмасуы бұзылады, ал ересек адам шамадан тыс семіріп кетеді, басқа бездердің қызметі нашарлайды.

Эпифиз ( грек. epіphysіs — төмпешік) — адам мен омыртқалы жануарлар миының төрт төмпешік бөлімі үстінде орналасқан орган. Эпифиздің салмағы адамда 0,2 г, жылқыда 0,44 г, шошқада 0,04 г. Оның физиол. қызметі, активті заттары әлі толық зерттелмеген. Дегенмен эпифиз организмнің күн мезгілдері ауысуына орай өзгеріп, бейімделуіне мүмкіндік беретін орган деп есептелінеді. Жас балаларда эпифиздің қызметінің тежелуі олардың ерте жыныстық жетілуіне әкеледі. Бүйрекүсті безі (glandulae suprarenales) — екі бүйректің үстінде орналасқан, организмде белоктың көмірсуға айналуын және минералдық тұздардың алмасуын реттейтін жұп орган. Салм. 15 г, сыртқы және ішкі қабаттан тұрады. Бүйрек үсті безі 50-дей гормон (мыс., адреналин, альдостерон, кортикостерон, кортизон, т.б.) бөліп шығарады. Оның жұмысын орталық жүйке жүйесі басқарады. Бүйрек үсті безінің сыртқы қабаты зақымданса, адам аддисон ауруына шалдығады. Адам мен жануарларда ішкі және сыртқы секреция бездерінің қызметін қоса атқаратын ұйқы безі болады. Ұйқы безі (pancreas) — организмде көмірсу, май, белок алмасуына, яғни, ас қорытуға қатысатын орган. Омыртқасыздарда ұйқы Б-і тек моллюскілерде ғана болады. Адамда қарынның артқы жағында 1-, 2-бел омыртқа тұсында орналасқан. Ұзындығы 15 — 25 см, ені 3 — 9 см, қалыңдығы 2 — 3 см., салмағы 70 — 80 г. Ол тәулігіне 1,5 — 2 л сөл бөледі.[1]

Безді ұлпадағы секреция формалары

Секреттің құрамы бойынша бездердің көбіне ақуыздық және шырышты түрлері кездеседі. Секретті бөлгеніне байланысты бездер, меро-, гало- және де аиокринді болып бөлінеді.

Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жогары сатыдағы жануарларда олар тоскауылдың, сорғыштың, шығарушы, реттеуші қызметтер аткарады. Без эпителийі метаболизм процесінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады. Секреция жасушадағы биосинтезді айтамыз. Жинақталуы және оның жасушадан тыс шығуы ағзаның қалыпты физиологиялық процестерін камтамасыз етеді. Рекреция - жасушадан кейбір заттардың шығуы (су, иондар). Олар химиялық өзгерістерге үшырамайды. Экскреция - жасушадан зиянды, керек емес заттардың шығарылуы (несеп, несеп қышқылы).

Бездердің көбісі эпителий ұлпасының құрамында болады. Тек бүйрек үсті безінің, гипофиздің паренхималары нейрогенді. Бездер қан тамырларымен, жүйкелермен және дәнекер ұлпаларымен жақсы қамтамасыз етілген.
Экзокринді бездер экзоэпителиальдық және эндо эпителиальдық болып ажыратылады. Бездік жасушалардың тобы эпителийдің астындағы ұлпаға өтсе, ондай безді экзоэпителиальдық деп аталады. Мысалы, тері, сілекей және май бездері, бауыр т.б. ал эпителиальдық бездер жасушалардың астарлаушы ұлпаға өтпей, эпителиальдық жасушалардың кабатында калса, ондай бездері эндоэпителиальдық дейді. Мысалы, адамның көмекей үсті шеміршек эпителийінің сілекей жасушаларының тобы. Экзокриндік экзоэпителиальдық бездер бір жасушалы және көп жасушалы болуы мүмкін. Экзокриндік экзоэпителиальдық бір жасушалы бездер омыртқалыларды кең тараған: турбеляряларда, немертинде, сакиналы құрттарда, моллюскаларда. Экзокриндік экзоэпителиальдық көп жасушалы бездер ағза бездерінің негізгі массасын құрайды-сілекей, көз жасы, тері, май бездері, бауыр, ұйқы безінің экзокриндік бөлігі. Экзокриндік экзоэпителиальдық көп жасушалы бездер өзегінің құрылысына қарай жабайы және күрделі бездер болып бөлінеді. Жай және күрделі бездер түтік тәрізді, альвеолалық (көпіршік) және түтікше альвеолалық болып бөлінуі мүмкін. Тармақталған бір ғана өзегі бар безді қарапайым без дейді. Егер өзектің тармақталған жүйесі болса, ондай бездер күрделі болады. Көптеген күрделі бездер өте үлкен келеді, оларды органдар деп атауға болады (бауыр мен ұйқы безі). Экзокриндік экзоэпителиальдық бездер бір жасушалы және көп жасушалы болуы мүмкін.

Секреттің химиялық құрамы әртүрлі болады. Осыған байланысты экзокриндік бездерді ақуыздық, сілекей, аралас (ақуызды-сілекейлік) және май бездері деп бөледі. Секреторлық эпителиальдық жасушалардың пішіні түрліше болады. Секрет бөлуші жасушалардың жасушааралық кеңістігі біршама үлкен. Секреторлық жасушалардың ядросы ірі, хроматині көп және ядрошығы да ерекше болып келеді. Секрет бөлуші жасушалардың бэрінде эндоплазмалық тор мен Гольджи аппараты жаксы жетілген және митохондриялар көп болады. Бездік жасушалардың құрылысы полярлы келеді. Секреттің бөліну типтері. Безді сипаттауда секреттің жасушадан бөлінуі маңызды роль атқарады. Ертеде бездерді экструзия типі бойынша классификацияланған. Яғни секретті түзу тэсіліне карай ажыраткан.

Мерокриндік бездерде секрет жасушалардың ішінде түзіледі де мембранамен қоршалған көпіршік түрінде жасушаның бос бетіне бөлінеді. Секрецияның Бұл түрінде плазмалық мембрананың түтастығы сақталады, цитоплазманың көлемі кемімейді (бокал тәрізді бездер, асказан бездерінің жасушалары, ұйқы безінің экзокриндік бөлімі жатады).
Голокриндік бездерде секреция процесі кезінде жасуша толықтай бұзылады, өледі, ішкі құрылысы секретке айналады (терінің майлы бездері).

Апокринді бездерде секрет түзілу кезінде цитоплазманың үстіңгі бөліктері бөлініп, секреттің құрамына кіреді. Секрецияның Бұл типі кұстың жұмыртқа жолының эпителиальдық жасушаларына, сүтқоректілердің тер бездеріне және сүт бездеріне тэн.

1961 жылы Жапон ғалымы Куросуми микроскопиялық және электромикроскопиялық мэліметтерге негізделген бездердің жаңа классификациясын үсынды. Ол секрецияның 5 түрлі типін сипаттады:

I- тип. Голокринді секреция. Жарық микроскопы арқылы көруге болады. Секрецияның осы типі бойынша секреторлық өнім-жасуша өлуімен сипатталады.

II- тип. Макроапокринді секреция. Жарық микроскопы арқылы сипатталған. Клетка бетінің бос кеңістігінде өсінділер пайда болады. Олар секретке толып, кейін жүлынады. Апокринді өсінділердің бетінде микроталшықтар жойылады, секреция нәтижесінде жасуша биіктігі аласарады.

III- тип. Микроапокринді секреция. Электронды микроскоп арқылы анықталады. Ол микроталшықтардың жоғарғы бөлігінің жасушадан жүлынуымен сипатталады. Бұрын осы секрецияның типі-мерокринді типке жатқызылған.

IV- тип. Мерокринді секреция (жасуша мембранасында уақытша пайда болған саңылаулардан секреттердің шығуы). Секрецияның осы типі кезінде жасуша толған, мембранамен капталған вакуольдер жасуша кабығына жақындап, оған жабысады. Осы жерде көлемі кіші саңылау пайда болады. Жеке электронды микроскоп арқылы көрінетін Бұл саңылау вакуольдің құрамындағы заттардың барлығы бездің куысына өтеді. Секрецияның Бұл типі кезінде сыртқы плазматикалық мембрана эрдайым сакталып отырады.

V- тип. Мерокринді секреция (секреттің бұзылмаған жасуша мембранасы арқылы шығуы). Бұл секреция типтерінің ішіндегі электорімикроскопияның морфология үшін ең анықталмаған болып есептелінеді. Бұл секреция типі кезінде апикальді плазматикалық мембрана болып қалады.

Қазіргі уақытта жасушаның тіршілік циклі барысымда бір жасушада экструзия (секрет бөліну процесі) типтерінің ауысуы жүріп жататындығы анықталады. Сонымен қатар химиялық құрамы бойынша әртүрлі секреттср бөлінсе, бір жасушада секрет бөліну әртүрлі типтер бойынша жүреді және де секреция стимуляциялануы мен патология жағдайларында-экструзия типінің басқа типпен ауысуы байқалады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 128 бет. ISBN 978-601-247-057-4