Гвинея-Бисау
Гвинея-Бисау Республикасы порт. República da Guiné-Bissau | |||||
| |||||
Ұран: «Unidade, Luta, Progresso» | |||||
Әнұран: «Esta é a Nossa Pátria Bem Amada» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 24 қыркүйек 1973 жыл (Португалиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | португал тілі | ||||
Елорда | Бисау | ||||
Ірі қаласы | Бисау | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Жозе Марио Ваз[1] Аристидиш Гомеш | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 134-ші орын 36 125 км² 22,4 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Тығыздығы |
1 815 698 адам (148-ші) 46,9 адам/км² (154-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
3,391 млрд.[2] $ 1,951[2] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
1,480 млрд.[2] $ 851[2] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,455[3] (төмен) (177-ші) | ||||
Валютасы | Франк | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .gw | ||||
ISO коды | GW | ||||
ХОК коды | GBS | ||||
Телефон коды | +245 | ||||
Уақыт белдеулері | 0 |
Гвинея-Бисау (порт. Guiné-Bissau), ресми атауы — Гвинея-Бисау Республикасы (порт. República da Guiné-Bissau [ʁɛˈpublikɐ dɐ ɡiˈnɛ biˈsau]) — Африканың батыс жағалауында орналасқан мемлекет. Сенегалмен және Гвинеямен шектеседі. Аралдык Гвинеясының құрамында Бижагос аралдары кіреді.
Жер аум. 36,1 мың км2. Халқы 1,1 млн. (1996). Оның 80%-і банту тілінде сөйлейтін баланта, фула, мандьяк, мандинка, т.б. халықтар. Астанасы — Биссау қ. (160 мың). Ресми тілі — португал тілі. Тұрғындарының 60%-ке жуығы пұтқа табынушылар, 35%-і мұсылмандар, қалғандары христиандар. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — Ұлттық халық жиналысы.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жері, негізінен, жазық дала, мұхит жағалаулары сазды батпақ болып келеді. Климаты экваторлық-муссондық. Жазы жаңбырлы, қараша айындағы орташа температура 24с, ал шілде айында 26с. Мәңгі жасыл ормандар мен саванналарда жан-жануарлар мен өсімдіктердің өте көп түрлері кездеседі, аса құнды ағаштар да бар.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ежелгі тарихы әлі көп зерттелмеген. 9 — 15 ғ-лар аралығында Гана, Мали мемлекеттеріне бағынған. 1446 жылдан бастап елге португал отаршылары келе бастады. Олар біртіндеп қамалдар мен сауда орындарын ашып, құл саудасымен айналысты. 17 — 20 ғасырларда жергілікті халық дүркін-дүркін көтеріліс жасап, отаршыларға қатты қарсылық көрсетті. 2-дүниежүз. соғыстан кейін елде ұлт-азаттық қозғалыс қайтадан күшейді. Үкімет 1951 ж. елге “теңіздің арғы бетіндегі провинция” статусын берді. Бірақ азаттық қозғалысы басылу орнына одан әрі өрши түсті. 1963 ж. елде қарулы көтеріліс басталып, кейіннен партизан қозғалысы өрістеді. 1973 ж. 24 қыркүйекте Гаусс -Б-дның тәуелсіздігі жарияланды. Келесі жылы Португалия өз әскерлерін елден алып кетуге мәжбүр болды. Банкілер, ірі компаниялар, сыртқы сауда, табиғи қорлар мемлекет меншігіне алынды. Жұмыссыздықтың көбеюі, азық-түліктің жетіспеушілігі салдарынан 1980 ж. әскери төңкеріс орын алды. Қазір елге біртіндеп шет ел капиталы қайтадан ене бастады. Гаусс -Б. артта қалған елдер қатарына жатады. Бір адамға шаққанда жалпы ұлттық өнім 300 долларға жетер-жетпес. Халықтың 80%-і а. ш-нда жұмыс істейді. Негізінен, дәнді дақылдар өсіріледі. Өнеркәсіпте, негізінен, ұсақ кәсіпорындар, соңғы кезде балық аулау жақсы дамып келеді. Экономикасының 90%-ке жуығын шетелдіктер қаржыландырады. Негізгі сауда серіктестері: Португалия, Испания, Франция, Швеция, АҚШ және Сенегал.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Noticias ao Minuto - Presidente eleito da Guiné-Bissau toma posse a 23 de junho
- ↑ a b c d Guinea-Bissau. International Monetary Fund.
- ↑ 2016 Human Development Report Summary 21–25. United Nations Development Programme (2016). Тексерілді, 21 наурыз 2017.