Ани (қала)
Ани (арм. Անի, түр. Ani, лат. 'Abnicum'[1][2], груз. ანისი — «Аниси») — орта ғасырдағы қамал. Армянның Камсаракани әулетінің князьдары тұсында салынған . Гүлденуі кезеңінде 100 мыңнан астам тұрғыны бар "1001 шіркеуі бар қала" атағымен белгілі болған. Қаланың қираған қалдықтары қазіргі Түркияның шығысында Ахурян өзенінің жағасында тұр. Карсктан 42 км қашықтықта.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Координаттары: 40°30′ с. е. 43°34′ ш. б. / 40.500° с. е. 43.567° ш. б. (G) (O) (Я)
Теңіз үстіндегі деңгейі - 1338 м.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қаланың негізі ежелгі замандарда салынған.[3]
- V—VIII ғ. — бастапқы кезде Камсаракани князьдары билеген. Сонан кейін Баграти әулетіне көшкен.
- 961 — Ашот III тұсында Ани қаласы Арменияның астанасы болады. Ани ірі саяси, экономикалық, мәдени және сауда орталығына айналады.[4]
- 1045 — қала Византияның билігіне көшеді.
- 1064—1072 — Түрік-салжұқтар шабуылынан қала талқанданып қалады.[5][6]
- 1072—1124 — Шеддадидтар қаланы басып алды[7]
- 1124—1126 — грузиндар басып алуы[7]
- 1161—1163 — грузиндар басып алуы[7]
- 1163—1174 — салжұқтар басып алуы.
- 1174—1177 — Иване Орбелиан басып алып Грузиямен бірігуі (1177—1185), Георгия III патшалығының тұсында.[8]
- 1185—1199 — Шеддадидтар басып алды.[9]
- 1199—1236 — Закарянның басшылығы. Арменияның орталығы.[10]
- 1236 — монғолдардың шапқыншылығынан кейін қала болудан қалған.
- 1319 — қатты жер сілкінісінен қираған.
- XIV ғ. — Қара Койунлу түрікмен әулетінің астанасы.
- XIV ғ-дың соңы — Темірлан әскері басып алып, қала өз мәдени және экономика орталығы деңгейінен айрылады.
- 1534 — Осман империясының құрамына кіреді.
- 1878—1917 — Сан-Стефан бітім шарты бойынша Ресей империясының құрамына кіреді.
Қазіргі жағдайы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ани - орта ғасырлық ескерткіштерге бай.
1892-93, 1904-16 жылдары жүргізілген архиологиялық қазбалар мұндағы Баграти сарайын, Ахурян өзеніндегі көпірді, мейрамхананы, мұнаралы дуалдарды, тұрғын кварталдарды, көптеген шіркеулерді т.б. құрылыстарды ашты.
Астрономияда
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ани қаласының құрметіне 1914 жылы орыс астроном Григорий Николаевич Неуймин ашқан астероидты атаған.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ANI. Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 тамыз 2011.
- ↑ Виртуальный Ани (ағылш., тур.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 тамыз 2011.
- ↑ История Ани на сайте armenianhouse.org
- ↑ Capitals of Armenia: Ani
- ↑ David Marshall Lang. The Armenians. A People in Exile, London, 1981, p. 56: «Ani itself, now a Byzantine garrison city, fell to the Turks in 1064».
- ↑ Jacques de Morgan. The History of the Armenian People, 1918, p.182-183: Occupied in turn by Seljuks (1064—1072), the Kurdish emirs (1072—1124), the Georgians (1124—1126, 1161—1163), and by the Tartars and Persians, it saw its final days in the 14th century.
- ↑ a b c Vahan M. Kurkjian, A History of Armenia Мұрағатталған 21 ақпанның 2014 жылы.: occupied by the Seljuks (1064—1072), by the Kurdish emirs (1072—1124), by the Georgians (1124—1126, 1161—1163), by the Tatars and the Persians, until its story was finally and completely ended by an earthquake in year 1300
- ↑ Robert Bedrosian. Armenia during the Seljuk and Mongol Periods. The Emergence of Georgia: «The same year (1123) Ani was taken, though that city passed back and forth between the Georgian and Muslim emirs many times throughout the twelfth century. During the reigns of David’s successors, Demetre I (1125—1155) and Georgi III (1156—1184)». В: http://rbedrosian.com/asmp2.htm .
- ↑ Vladimir Minorsky, Studies in Caucasian History: I. New Light on the Shaddadids of Ganja II. The Shaddadids of Ani III. Prehistory of Saladin, CUP Archive, 1953, p. 100.
- ↑ См. Закаряны и Мхаргрдзели. Cyril Toumanoff. Armenia and Georgia, Chapter XIV, The Cambridge Medieval History, vol. IV, The Byzantine Empire part I, Cambridge, 1966, pp. 593—637: «Later, in the twelfth and thirteenth centuries, the Armenian house of the Zachariads (Mkhargrdzeli) ruled in northern Armenia at Ani, Lor’i, Kars, and Dvin under the Georgian aegis». См.: http://rbedrosian.com/Ref/cmh3.htm Robert Bedrosian, The Turco-Mongol Invasions and the Lords of Armenia in the 13-14th Centuries, 1979, p. 89-90 . Ph.D. Dissertation, Columbia University: «The Georgian Bagratids reached the apogee of their power under queen Tamar (1184—1213). Under Tamar’s generals, the energetic brothers Zak’are and Iwane Zak’arean, the Armeno-Georgian armies surged ahead reclaiming one after another fortress, city and district: Anberd in Aragacotn district (1196), Shamk’or, Ganjak, Arc’ax, Siwnik', Shirak, the Ayrarat plain and Ani (ca. 1199); Bjni (1201); and Dwin (1203) (156)». Подробнее см.: http://rbedrosian.com/dissert.html