Ұланбатыр
Қала | |||
Ұланбатыр | |||
Улаанбаатар моңғ. ᠤᠯᠠᠭᠠᠨᠪᠠᠭᠠᠲᠤᠷ | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Статусы |
Астана | ||
Мэр |
Сайнбуянгийн Амарсайхан[1] | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
47°55′00″ с. е. 106°55′00″ ш. б. / 47.91667° с. е. 106.91667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°55′00″ с. е. 106°55′00″ ш. б. / 47.91667° с. е. 106.91667° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1639 | ||
Бұрынғы атаулары |
1706 ж. дейін Урга (моңғ. Өргөө) | ||
Жер аумағы |
4 704,4 км² | ||
Орталығының биiктігі |
1350 м | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
1 405 000[2] адам (2017) | ||
Тығыздығы |
297,8 адам/км² | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+976 (0)11 | ||
Пошта индексі |
210 xxx | ||
Автомобиль коды |
УА_, УБ_, УН_ | ||
ulaanbaatar.mn | |||
Ұланбатыр шекарасы
| |||
Ортаққордағы санаты: Ұланбатыр |
Ұланбатыр (моңғ. Улаанбаатар /ʊɮɑːŋ.bɑːtʰɑ̆r/) — Моңғолияның астанасы және де ең үлкен қаласы. 2012 жылғы дерек бойынша қала тұрғындарының саны 1,2 миллионнан астам.
Ұланбатыр Моңғолияның орталық бөлігінде Туул өзенінің бойында, теңіз деңгейінен 1310 м биіктікте орналасқан. Ел басқару орталығынан басқа экономика, мәдениет, білім, денсаулық орталығы болып келеді. Ұланбатыр транспорт жолдарының орталығы Моңғолияның барлық қалаларымен байланысады, темір жол арқылы Ресейдің Транс-Сібір және Қытай темір жол торабына қосыла алады.
Ұланбатыр қаласы алғаш 1639 жылы Буддизм орталығы болып орнаған, 1921 жылғы революциядан кейін ел астанасы болған. Көне түркі тілінде ұлан сөзі жас мағынасын береді. Ұлан-батыр яғни Жас-батыр қала мағыналы болады.
Атауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Моңғолша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлаанбаатар қаласының тарихта көптеген атулары болған. 1639-1706 жылдары Өргөө, 1706-1911 жылдары Их Хүрээ, Да Хүрээ немесе жай Хүрээ деп аталған. 1911 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Нийслэл Хүрээ деп аталған.
1924 жылы Моңғол Халық Республикасының (моңғ. Бүгд Найрамдах Монгол Ард Улс) астанасы болып, Ұлаанбаатар (Моңғол жазуы бойынша: ) болып өзгерген. Ұлаанбаатар аталуына сол жылдары Моңғолияда Коминтери ұйымының басшысы Тұрар Рысқұловпен Тауданбек Дәуітбайдың ықпалы болған деп айтылады. Ұлаанбаатар сөзінің қазақша мағанасы Қызыл батыр.
Басқа тілдерде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1924 жылға дейін Еуропа және Солтүстік Америкада Ұланбатырды көбінесе Урга', Urga (Өргөө-Орда, үй деген мағынаға жақын сөз) немесе Күрээ, Kureе деп аталып келген.
Ұланбатыр қаласы 1911 жылға дейін Манжурияның бір бөлігі болған Манжурия тілінде Күрээ аталған.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұланбатыр қаласы Туул өзенінің бойында, Богд хан, Баянзүрх, Сонгино хайрхан, Чингэлтэй хайрхан деген төрт таудың ортасында теңіз деңгейінен 1351 м биіктікте орналасқан.
Ауа райы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұланбатыр қаласы теңіз деңгейінен биік және теңізден бірнеше жүз шақырым қашық орналасқандықтан дүниежүзіндегі суық астаналардың бірі болып саналады. Жылдағы орташа температура -1.3 °C. жазы қысқа әрі жылы, қысы қатты суық әрі ұзаққа созылады. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 242.7 мм, ылғалдылығы 69%
Әкімшілік құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұланбатыр қаласы Моңғолияның астанасы Баянзүрх, Баянгол, Сонгинохайрхан, Чингэлтэй, Сүхбаатар, Хан-Уул, Налайх, Багануур, Багахангай деген 9 ауданға (моңғ. дүүрэг) бөлінеді. Аудандар кварталы-шағынаудандардан (моңғ. хороо) тұрады.
Қала әкіміне үміткер атын төрт жыл сайын сайланып тұратын Қалалық мәслихат басшысы премьер-министрге ұсынады. Үкімет басшысы өз тарапынан ұсынылған үміткерді қала әкімі ретінде төрт жылға сайлайды.
Қала халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2008 жылғы Маусым айында қала тұрғындарының саны 1,044,500 тығыздығы әр шаршы шақырымға 222 адамнан. Барлық тұрғындардың 67%-сі 35-тен төмен жастар оның 30% 16-дан төмен жастағы балалар.
дүүрэг (район) | хороо (микро район). | Халық саны (01.01.2006) | Ауданы км² | тығыздығы адам./км² |
---|---|---|---|---|
Баянғол | 20 | 160 479 | 29,5 | 5440.0 |
Чингэлтэй | 18 | 130 501 | 89,3 | 1461,4 |
Сүхбаатар | 16 | 117 233 | 208,4 | 562,5 |
Хан-Уул | 14 | 87 912 | 484,7 | 181,4 |
Сонгинохайрхан | 21 | 204 587 | 1200,6 | 170,4 |
Баянзүрх | 20 | 196 132 | 1244,1 | 157,6 |
Бағануур | 4 | 25 261 | 620,2 | 40,7 |
Налайх | 6 | 26 529 | 687,6 | 38,6 |
Бағахангай | 2 | 3776 | 140,0 | 27,0 |
Ұланбатыр бойынша | 121 | 952 410 | 4704,4 | 202,5 |
Транспорт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халықаралық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұланбатыр қаласының оңтүстік шығыс бөлігінде, қаладан 18 км жерде Шыңғыс хан атындағы халықаралық әуежай орналасқан. Әуежайдан Токио, Сеул, Берлин, Мәскеу, Иркутск, Бейжің қалаларына тұрақты ұшақ қатынайды. Ұланбатырдағы Моңғолия темір жолы торабы Транс-Сібір темір жолы, Қытай темір жол торабы қосылған.
Ішкі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұланбатыр қаласы Моңғолияның барлық қалаларымен жол қатынасы бар. Бұл жолдардың көбісі асфальт төселмеген қиыршық тасты жолдар болып келеді.
Білім және Ғылым
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұланбатыр қаласы елді білім және ғылым орталығы болып келеді. Мұнда Моңғолия Ғылым акедемиясы, Университеттер, Ғылыми зерттеу институттары жұмыс істеуде.
Экономика
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қаланың бір ерекшелігі мұнда елдегі кәсіпорындардың ең көп бөлігі орналасқандығында. Қаладағы бес мыңға жуық кәсіпорын Моңғолия елінің жалпы ішкі өнімнің 40% өндіруде. Қаладағы Ұланбатыр ЖЭО 1, Ұланбатыр ЖЭО 2, Ұланбатыр ЖЭО-3, Ұланбатыр ЖЭО-4 елдің жалпы электроэнергиясының 85 % шығарады.
Мәдениет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мемлекеттік опера театры | Драма театры | Ұлттық галерея |
Туризм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұланбатыр қаласында қымбат тарихи жәдігерлер сақталған музейлер, Будда мәдениет орталығы, Сүхбаатар алаңы және қала төңірегінде әсем табиғаты бар жерлер көп. Қала басшылары туристерді тарту үшін көптеген жұмыстар іс шараларды өткізуде.