Мазмұнға өту

Қасқыржем

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қасқыржем
Asparagus setaceus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Asparagaceae
Кіші тұқымдасы: Asparagoideae
Тегі: Asparagus
Карл Линней
түрлері

300 түрі белгілі

Қасқыржем немесе Аспарагус (лат. Asparagus) – қасқыржемдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік; көкөніс дақылы. Табиғатта Еуропа, Азияның шалғындары мен ормандарында өседі. Ақтөбе облысында, Ұлытауда, Алтай өңірінде, далалық және су алабындағы шалғында, қалың бұта арасында, ағаштары сирек қайыңды орманда өседі.

Мамыр-шілдеде гүлдейді. Биіктігі — 70—120 см, сабағының сырты тегіс, бұтақтанып біткен. Жапырағы қабыршақты, 1—2 ұсақ гүлі болады. Құрамында С, Д витаминдері, қант, белок, каротин бар.[1]

Оның 300-ге тарта табиғи түрі бар. Соның ішінде 2-3 түрі ғана елімізде үй гүлі, біржылдық өсімдік және әрлендіруші ретінде қолданылады.

Ботаникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дәрілік спаржа.

Әдемілігі ине секілді ұсақ жапырақтары бар. Осы жапырақтарының ерекшелігінің арқасында ол қыста үй жағдайында, жазда бақшада өсірілсе, флорашы мамандар оның сабағын кесіп, гүлдестелерді әрлендіру үшін қолданады. Сондықтан да ол баршаға әрлендіруші гүл ретінде көбірек таныс. Бойының биіктігі 40-150 см аралығында. Үй жағдайында да және бақшада да ақ түсті кішкентай гүл жарып, артынан қызыл түсті кішкене моншақ секілді жидек салады. Үй жағдайында көп өсірілетіні Ине қылқанды аспарагус (лат. Asparagus acutifolius). Бойы биік, жартылай бұтақты болып өсетін бұл түрдің жер асты бөлігі тамыртүйнекті болғандықтан жақсы дамыған. Отаны — Оңтүстік Африка. Бөлме сәні үшін қауырсынды және Шпренгер аспарагустері өсіріледі.

  • Қауырсынды аспарагус (лат. Asparagus setaceus) — тікенек жапырақты, ұсақ ақ гүлді, жемісі қызыл, мәңгі жасыл бұта. Жарық талғамайды, бірақ жылылықты қалайды. Топырақ салынған қыш құмыраларда (ыдыстарда) өсіреді; топырақ құрамының бір бөлігі шым топырақ, бір бөлігі қарашірік топырақ, бір бөлігі жапырақ шіріндісі қосылған топырақ болуға тиіс. Бұған өзен құмын қосады. Қыста бірқалыпты, ал жазда қандырып суарады. Құрғақ ауада бұтақшалары түсін қалады, сондықтан өсімдікке су бүркіп тұру керек. Аспарагус тұқым және бұтағын кесіп алып - отырғызу арқылы көбейтіледі.
Ақ спаржа — Германиядағы танымал деликатес[2]

Аспарагус тұқымын мамыр-сәуір айларында құм араластырылын, жапырақ шіріндісі қосылған жұмсақ топыраққа себеді. Көктем шыққан аспарагустерді кішкентай қыш құмыраларға көшірт отырғызады. Ал бұталан көбейткенде ең алдымен әр бұтаны жеке бөледі. Қауырсынды аспарагустың кесіп алынған бұтақшаларын сән беріп тұру үшін гүл дестелерге қосылады.

  • Шпренгер аспарагусы (лат. Asparagus densiflorus Sprengeri) — ұсақ, нәзік, ақшыл күлгін гүлді, жидек тәрізді қызыл жемісті гүл сабақтары төмен салбырап тұратын көпжылдық өсімдік. Жапырақтары үлкен әрі қатты келеді. Күтім қауырсынды аспарагустың күтіміндей. Шпренгер аснарагусын аспалы өсімдік ретінде өсіру ге қолайлы.[3]
Жарығы

Ашық күн астында, көлеңке де немесе алакөлеңкеде де өсе береді

Жылуы

Ауа температурасы қыста 12-150С-дан төмен болмағаны дұрыс.

Суғарылуы

Жазда топырағының құрғамай, ылғалды болып тұрғанын ұнатады. Қыста топырағының беткі қабаты құрғаған уақытта суғарады.

Ылғалдылығы

Ауаның үнемі ылғалды болғанын қалайды, сондықтан күніне бір рет су бүркіп тұрған абзал. Ылғал жетіспесе инелері түсе бастайды.

Қоректендірілуі

Жапырағының түсі қанық, сабағы толық болуы үшін көктем, жаз кездерінде әдемі жапырақтыларға арналған минералды тыңайтқышпен қоректендіреді. Топырағы құнарлы болуы үшін жылына бір рет шіріген көң салып тұруға болады.

Аурулары

Ақ ұнтақ ауруымен ауыруы мүмкін.

Көбейтілуі

Түбін бөлу және тұқымын себу арқылы көбейтеді. Түбін 4-5 жылда бір рет бөледі. Тұқымы арқылы наурыз, сәуір айларында жылыжайларда көбейткен дұрыс[4].

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
  2. Die schlanke Schöne mit Köpfchen. — Spiegel, 2007.
  3. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  4. "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727



Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]