Мазмұнға өту

Эве

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Эве
эвегбе
Ең көп таралған аймақтар
 Гана

4 млн.

 Того

2,5 млн.

Тілдері

эве, эвегбе, аджагбе тілдері

Діні

ежелгі нанымдар, ислам, христиандық

Эве (эвегбе)[1]Гананың оңтүстік-шығысындағы және Тогоның оңтүстігіндегі халық. Негізінен Гананың оңтүстік-шығысында (Вольта аймағы) және Тогоның оңтүстігінде (Жағалау аймағы мен Үстірт аймағының оңтүстігінде) Вольта және Куффо өзендерінің төменгі ағысының арасында тұрады. Ганадағы саны шамамен 4 миллион адам, Тогода – 2,5 млн. Олар сонымен қатар Бенин, Буркина-Фасо, Либерия, Кот-д’Ивуарда тұрады.[2]

Олар эве, эвегбе немесе аджагбе тілінде сөйлейді, тілі Нигер-Конго макроотбасыныі ква отбасына жатады.[3]

Эвелер арасында ежелгі нанымдар (табиғат күштеріне табыну, ата-бабаларға табыну) кең таралған, олардың бір бөлігі ислам мен христиан дінін ұстанады.[4]

Дәстүрлі кәсіптері – қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, маниок, жүгері, көкөніс, экспорттық дақылдар – кофе, какао бұршақтары, мақта, кокос және майлы пальма жемістері), мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал, шошқа, құс), жағалауда – балық аулау. Қолөнер (тоқымашылық, керамика, ағаш ою, өру, т.б.) өз мәнін жоғалтуда.[5] Эве әйелдері дәстүрлі түрде көтерме және бөлшек сауда деңгейінде ірі саудагерлер болып табылады. Дүкендер мен сауда операцияларының көпшілігін толығымен әйелдер бақылайды.[6]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін ауыл және көпбалалы қауымдар құрайды. Ауылдық шешімдерді ақсақалдар жиналысы қабылдайды. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен қауымдастық бірте-бірте ыдырай бастады.

Дәстүрлі тұрғын үйлері - төбесі сабанмен және пальма жапырақтарымен жабылған тік бұрышты саздан жасалған үйшіктер, жағалауда - қадаларда орналасқан. Тұрғын үйдің жанында астық қоймалары, мал қоралары және басқа да шаруашылық құрылыстары бар. Ауыл орталығында әдетте мерекелер мен халық жиналыстары өтетін алаң, ал үлкен ауылдарда базарлар бар.

Ерлерге арналған күнделікті киім – кең көйлек, шалбар. Мерекелік киімнің негізгі бөлігі түрлі-түсті, әдетте матадан жасалған кең тога болып табылады. Әйелдер киімі – белге оранған мол мата, жеңіл күртеше, әшекей бұйымдар – алқа, сырға, білезіктер.

Дәстүрлі тағам – күріш, соустары бар жүгері, ұсақталған кептірілген маниоктан жасалған ботқа түрі - гари.

Халық аңыздары, жырлар, мәтелдер, ертегілер т.б. сақталған.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Значение слова эве https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D1%8D%D0%B2%D0%B5?ysclid=lovavv3zxq359551771
  2. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4938927?ysclid=lovasl142u404083712
  3. Материал из свободной энциклопедии https://infor24.ru/%D0%AD%D0%B2%D0%B5_(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4)(қолжетпейтін сілтеме)
  4. Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/152746/%D0%AD%D0%B2%D0%B5?ysclid=lovauwt5f141736948
  5. Народы и культуры Эве https://travel-journal.ru/ethno/57/368/(қолжетпейтін сілтеме)
  6. Традиции и культура народности Ewe https://afroart.ru/ewe.html?ysclid=lovav6hj8z249572762
  7. народы мира / Эве http://www.etnolog.ru/people.php?id=EVEG