Пигмейлер
Пигмейлер | |
Πυγμαῖοι | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
300 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Конго Демократиялық Республикасы |
165000 |
Руанда |
65 000 |
Бурунди |
50 000 |
Конго Республикасы |
30 000 |
Камерун |
20 000 |
Орталық Африка Республикасы |
10 000 |
Ангола |
5 000 |
Габон |
5 000 |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Пигмейлер (грек. жұдырықтай деген мағына береді) — Орталық Африкадағы халықтар тобы. Олар Экваторлық және Шығыс Африканың тропикалық орман аймағында тұрады. Жалпы саны 300 мыңнан астам (2003). Антропология жағынан орталық африкалық нәсілге жатады. [1]
Таралған аймақтары: Конго Демократиялық Республикасы 165 мың адам, Руанда 65 мың адам, Бурунди 50 мың адам, Конго Республикасы 30 мың адам, Камерун 20 мың адам, Орталық Африка Республикасы 10 мың адам, Ангола мен Габон әрқайсысы 5 мың адам.
Сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пигмейлердің бойы аласа, түстері ашық қоңырқай, талпақ танау, бұйра шашты, жұқа ерінді, кеуделі, аяқ-қолдары қысқа болып келеді. Ер адамдарының бойы 135-тен 150 сантиметрге дейін, ал әйелдерінің жартысы кейде 120 сантиметрден аспайды. Ергежейлілік өсу гормонының жетіспеушілігіне әкелетін ауру болып саналады. Алайда, пигмийлер мүлдем ауырмайды және өсу гормонына бәрі сәйкес келеді, ал денесі пропорционалды (бастың үлкен мөлшерімен және қысқа қолдарымен ерекшеленетін ергежейлілерден айырмашылығы). Пигмейлер ғасырлар бойы өздерінің кішкентай пішінін сақтап қалды.
Кейбір ғалымдар пигмейлердің кішкентай болуы генетикалық мутациялармен немесе жергілікті тұрғындарға әсер еткен пандемиялық аурумен байланысты деп есептеді. Алайда, тиісті зерттеулер жүргізгеннен кейін, ғалымдар пигмейлерде генетикалық жоспарда мүлдем ауытқулар байқалмаған және оларға түсініксіз ауру әсер етпейді деген қорытындыға келді.
Басқа зерттеушілер «кішкентай» пигмейлердің эволюциялық процестердің әсерінен болғанына және оның себебі олар жабайы, тығыз джунглиде өмір сүргендіктен қоршаған орта жағдайларына бейімделуіне байланысты дейді.[2]
Пигмейлердің өмір сүру ұзақтығы өте қысқа: 16-дан 24 жасқа дейін. 40 жасқа дейін өмір сүрген адамдар – ұзақ өмір сүруші болып саналады. Тиісінше, оларда жыныстық жетілу әлдеқайда ертерек, 12 жаста, он бес жасында ұрпақ әкеледі.[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пигмейлер өз тілдерін жоғалтқан және айналасындағы банту халықтарының тілдерінде, сондай-ақ адамава-убанги және Орталық Судан тілдерінде сөйлейді.[4]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пигмейлер әлі күнге дейін ежелгі панафрикандық дүниетаным мен діни концепцияларды ұстанады.[5] Олар өздерінің діни наным-сенімдерін берік ұстанған аңшылар мен жинаушылардың қарабайыр тайпасы. Олар барлық тірі жандардың, соның ішінде ағаштар мен өсімдіктердің рухтары бар деп санайды.[6]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пигмейлердің ең көне деректері біздің дәуірімізге дейінгі 5 ғасырға жатады. Оны Геродот Египетке барған кезде қалдырған. Азиялық пигмейлердің тағы бір жазбаша дәлелін бізге римдік зерттеуші Плиний қалдырды. Ғалым олардың толық сипаттамасын Жаратылыстану тарихында қалдырды. Ол азиялық пигмей тайпаларының бастапқыда Ніл өзенінің маңындағы батпақты аймақта өмір сүргенін көрсетті.
XIX ғасырда еуропалық зерттеушілер Африкаға келгенде, олар таңғажайып ергежейлі африкалық тұрғындар туралы әңгімелерді жиі естиді. Әңгімелерге қызығушылық танытқан осындай саяхатшылардың бірі Дэвид Ливингстон болды. Жұмыстарының бірінде ол Африканың жергілікті тұрғындарының бірі пигмейлерді қалай айтқаны туралы жазған. Тете қаласының бір тұтқыны бұл жұмбақ пигмейлерді қалай көргенін айтып берді. Доктор Ливингстон африкалықтың бір сөзіне сенбей, оның әңгімесін сандырақ деп атады. Бірақ уақыт өте келе бүкіл әлем кішкентай пигмей адамдар туралы білді. Ғалым айтылғандардың бір бөлігінің шынымен де шындық екеніне көз жеткізді.[7]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Егіншілік пен мал шаруашылығын білмейтін пигмейлер тек аңшылықпен, балық аулаумен және терушілікпен өмір сүреді. Осы тұрғыдан алғанда, оларды әлемдегі ең артта қалған халықтардың бірі деп есептеу керек. Дәстүрлі қару-жарағы — садақ. Аулаған аңдарын көбіне көрші халықтармен дәнді дақылдарға айырбас жасап күнелткен. Ер адамдар топ болып бөкен, кеміргіштер, кірпі, жабайы шошқа, буйвол аулайды, олар гориллаларға, қабыландарға, пілдерге де шабуыл жасайды.
Пигмейлер ептілігімен, батылдығымен және шыдамдылығымен ерекшеленеді, кейде аңды бір апта бойы шаршағанына қарамастан төзеді. Қатты қиыншылық кезінде олар мысықтарды, қолтырауындарды және маймылдарды да аулайды. Балалар жыландар мен тасбақаларды аулайды. Пигмейлер арасында тұзақтар кеңінен қолданылмаған. Кейде аңшы итімен бірге жүреді. Негриллдер садақ пен жебемен, сондай-ақ көршілес банту тайпаларынан сатып алынған пышақтар мен найзалармен аң аулайды. Темір жебе ұштары бантулардан айырбас арқылы алынады. Пигмийлер құпия болып табылатын әртүрлі құрамдағы уларды жасауды біледі.[8] Бүкіл бірге тұратын топтың әйелдері күн сайын балаларымен бірге лагерінің айналасында жабайы тамыр дақылдарын, жеуге жарамды өсімдіктердің жапырақтары мен жемістерді жинайды, құрттарды, ұлуларды, бақаларды, жыландар мен балықтарды аулайды.[9]
Қазіргі пигмейлерде бартерлік сауда жақсы дамыған. Олар өз өнімдерін аңшыларға аса қажет металл бұйымдар – жебе ұштары мен найзаның ұштарына айырбастайды.
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашқы қауымдық құрылыстың дәстүрлері сақталған. 3-4 отбасы болып белгілі бір аумақта көшіп те жүреді. Пигмей отбасылары әдетте моногамды және патриархалды. Теориялық тұрғыдан алғанда, ер адамның бірнеше әйелі болуы мүмкін, бірақ іс жүзінде қоғам оған сирек рұқсат береді. Сондай-ақ, ол пигмейлер туыстық некеге үзілді-кесілді қарсы және өз әйелдерін көрші қауымдастықтардан табады. Қалыңдық құны төленбейді. Пигмейлер арасында әйелдер жетіспейді, тіпті біреуінің кетуі қоғамға қатты әсер етеді. Олардың орнын толтыру үшін, басқа ауылдың қызын алу үшін бір пигмей өзінің әпкесін, немере ағасын немесе қоғамдағы басқа қызды қалыңдықтың туыстарының біріне үйлендіруге көндіреді. Әйтпесе үйлену мүмкін емес. Екі той бір уақытта болады. Тұрмысқа шыққаннан кейін әйел күйеуінің ауылына көшеді, бірақ туған ауылымен үнемі байланыста болады. Жесір қалған әйелдер кішкентай балаларын алып, туған ауылына оралуға құқылы, бірақ күйеуінің ортасында қалуы да мүмкін.[10]
Көптеген пигмейлер дәстүрлі үй салумен айналысады. Олар өз үйлерін бұтақтар мен жапырақтардан жасайды, оларды сазбен сылайды. Бір қызығы, бұл кәсіп әйелдердікі болып саналады, өйткені ерлер уақытының көп бөлігін аң аулауға арнайды. Алайда, отбасы басшысы құрылыс салу үшін орынды таңдайды, содан кейін ол рудың ақсақалына барады. Егер ол мақұлдаса, ол адамға ұшы үшкір бамбук таяқшасын береді (ныомбикари). Бұл құрылғының көмегімен болашақ үйдің шекарасын белгілеу керек, содан кейін әйелдер құрылысты бастайды.[11]
Пигмейлердің киімдегі өзіндік ерекше стилі бар. Көп жағдайда ерлер белдіктеріне жүннен немесе былғарыдан жасалған таңғышты пайдаланады. Әйелдер тек алжапқыш киеді. Қазіргі уақытта біраз бөлігі отырықшылыққа көшіп, еуропалық киімдер кие бастаған.
Азық-түліктері - пісірілген түйнектер, жемістер, сирек - ет. Жабайы жануарлардың еті олардың диетасының тек 9% құрайды. Бал мен жемістерді жинау тағы 28% қамтамасыз етеді. Қалған азық-түлікті орманға жақын жерде тұратын фермерлердің бақшаларынан алады.[12]
Тұрмыстық бұйымдар әшекейленген. Халық ауыз әдебиеті бай: батыр-аңшылар туралы жырлар, тұрмыс-тіршілік, мифтер, табысты аңшылықты бейнелейтін ән билермен сипатталады.[13]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
- ↑ Пигмеи, кто такие где и как живут самые низкие люди планеты https://ftimes.ru/284974-pigmei-kto-takie-gde-i-kak-zhivut-samye-nizkie-lyudi-planety.html
- ↑ Интересные факты о самом маленьком народе, которых вы не знали раньше Источник: https://travelask.ru/blog/posts/6599-interesnye-fakty-o-samom-malenkom-narode-kotoryh-vy-ne-znali
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/3138112
- ↑ Верования пигмеев http://www.gollandia.nl/%D0%B0%D0%BD/
- ↑ Хорошую религию придумали... пигмеи https://grigor-yan.livejournal.com/935107.html
- ↑ Пигмеи – уникальный низкорослый народ https://www.rusfate.ru/narody/551-pigmei-unikalnyy-nizkoroslyy-narod.html
- ↑ Кирей Н. И. Этнография народов Африки Африканские пигмеи https://historicus.media/afrikanskie_pigmei/
- ↑ Пигмеи в древних источниках, мифах и в реальности https://stimfalid.livejournal.com/21882.html
- ↑ Путешественник рассказал о жизни пигмеев. https://newformat.info/socium/puteshestvennik-rasskazal-o-zhizni-pigmeev-fotoreportazh/
- ↑ Традиции пигмеев – таинство охоты и похороны в хижине Источник: https://musaget.ru/traditsii-pigmeev-tainstvo-ohoty-i-pohorony-v-hizhine
- ↑ Самые маленькие (низкорослые) люди в мире — Пигмеи https://supersmall.ru/samyie-malenkie-nizkoroslyie-lyudi-v-mire-pigmei/ Мұрағатталған 4 қыркүйектің 2023 жылы.
- ↑ народы мира / Пигмеи http://www.etnolog.ru/people.php?id=PIGM