Мазмұнға өту

Шөжешымшық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шөжешымшық
Adult British coal tit, P. a. britannicus (note greenish-grey back)
Adult British coal tit, P. a. britannicus
(note greenish-grey back)
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Шымшықтар тұқымдасы
Тегі: Шымшықтар туысы
Түрі: P. ater
Екі-есімді атауы
Periparus ater
(Linnaeus, 1758)
Global range in yellow
Global range in yellow

Шөжешымшық (лат. Parus ater) - Қазақстанда кездесетін шымшықтардың 12 түрінің біреуі.

Биологиялық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шөжешымшық - шағын денелі (8-10 г), қошқыл реңді шымшық. Жоны - сұрғылт қара, қүйрықүстінде ғана қызыл қошқыл реңк болады. Бауыры - күңгірт ақ, бастың екі жағы және желкесі де ақ түсті.Өте ширақ, ұшып-қонып жүретін құс. Қозғалмай тұрған адамға қорек іздестіріп жүрген құс өте жақын келе алады. Басқа да шымшықтар тәрізді шөрешымшық бүкіл өмірін, әсіресе қылқанды ағаштардың бөрікбасында өткізеді. Күзгі-қысқы көшпенді кезінде жалпақ жапырақты ағаштарда да, соның ішінде қала тынымбақтары мен саябақтарында кездеседі. Шөрешымшықтың әуенін жыл бойы естуге болады, алайда ұдайы сайрауы 5 айға жуық - наурыздан тамыздың соңына дейін созылады. Әуені шымшықтың құбылмалы үні типтес 4-6 біркелкі ысқырықты буындардан тұрады, сонымен бірге олар нашар ауа райында басқа құстардан жиі - қар жауғанға дейін сайрайды. Тіпті қыста да жұбымен жүреді. Сақиналау нәтижесі көрсеткендей, кейбір жұптары бірнеше және бірінен-бірі ажырамайды, дегенмен оған қарама-қарсы мысалдар да бар - сақиналанып, тірі қалғандардың келесі жылы жаңа жұп түзетіні де байқалады. Ұялауға бөгде қуыстарды пайдаланады, егер болмай қалса - тастар аралығындағы кез келген қолайлы қуыстарды немесе жерден қазылған інді қажетіне жаратады. Тақтайлы немесе қолдан жасалған құс ұяларын пайдалануға өте зауықты. Аталық және аналық шөрешымшықтар ұя салардың алдында ұнатқан қуысын өткен жылғы қалдықтардан тазартады. Жаңа ұяны аналық бір аптаға жуық мерзімде салады, сонымен бірге жұмыртқалап жүрген кезде кейде жылытатын материалдарды тасиды. Салындыдағы 4-7 айқын теңбілді ақ жұмыртқаларды аналық 13-15 күн басады. Балапандарды ұяда ата-енелері 20 күнге жуық және ұядан ұшқан соң тағы бірнеше күн қоректендіреді. Балапандар мен ересек шөрешымшықтардың жаздағы қорегі - бунақденелілер және солардың дернәсілдері. Бұл құстардың үйірлері қыста көбінесе шыршаның шала ашылған бүрінен алып, тұқымдарын жейді.

Еуразияның қылқанды ормандарында қоныстанады. Қазақстанда самырсынды-балқарағайлы ормандарда, Тәңіртаудың шыршалы ормандарында өмір сүреді. Тәңіртауда орныққан шөрешымшықтардың бауыры қызғылтсары қызыл қошқыл реңкті, Алтайда және Солтүстік Қазақстан ормандарында орын тепкендердің бауырында мұндай реңктер болмайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Құстар: мектеп энциклопедиясы / А. Ф. Ковшарь, В. А. Ковшарь. - Алматы : Атамұра, 2010. - 352 б. : ISBN 978-601-282-168-0