Цеце (Glossіna) — қосқанаттылар отряды, нағыз шыбындар тұқымдасына жататын туыс. Африканың ылғалы мол тропиктік және субтропиктік ормандарында кездесетін 20-ға жуық түрі белгілі. Цеце шыбыны денесінің ұзындығы 9 — 14 мм. Ет тұмсығы мен ұзындығы басы мен кеудесінің ұзындығымен бірдей. Қонып отырғанда қанаттары арқасына айқаса жабылады. Бұлардың барлық түрі де тірідей туады. Дернәсілдері туысымен бірден қуыршаққа айналады. Көпшілік түрлері ауыр ауруларға шалдықтыратын трипаносомаларды таратады. G. palpalіs, G. morsіtans және G. brevіpalpіs түрлері адамда ұйқы ауруын таратады (осы аурудан Африкада жылына бірнеше мың адам өледі), G. morsіtans G. tachіnoіdes — үй жануарларының ауруын (мыс., наган, т.б.) таратушылар. Африкада ұзақ жылдар бойы жүргізілген цеце шыбынын пестицидтермен жою күресі нәтиже берген жоқ, бірақ бұл, керісінше Африканыңфлорасы мен фаунасына үлкен зиян келтіруде.