Сұңғыла

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сұңғыла
'
'
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Orobanchaceae
Тайпасы: Orobancheae
Тегі: Orobanche
L.
түрлері

200 түрі белгілі

Сұмқұла (лат. Orobanche) – сұмқұла тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Қазақстанда өте көп кездесетін паразит өсімдіктердің бірі. Ол Қазақстанның барлық жерінде өседі. Сұмқұланы сазды құмдарда да, қалың өскен жусанның тамырында да көруге болады. Бұл онша үлкен емес - биіктігі 30-40 сантиметр келетін өсімдік. Хлорофилсіз және онша жетілмеген бозғылт түсті жапырақтары бар сабағында күңгірт күлгін реңді шашақтанған ірі-ірі гүлдері болады. Мұның да тұқымдары ұсақ және көп болады, олар қауашағынан жерге шашылып жатады. Сұмқұла жабайы жусанға да, сол сияқты мәдени өсімдіктерге де түседі. Ол жусан сияқты күрделі гүлділер тұқымдасына жататын, күнбағыстың тамырында да кездеседі. Сұмқұланы гербицидпен өлтіреді, немесе күнбағысты ауыспалы егісте себеді. Бұл жағдайда, бірнеше жыл бойы өзіне лайықты өсімдіктердің жоқтығынан сұмқұла өліп бітеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963