Стенокардия
Көрініс
Стенокардия (жүректің ауырсынуымен жүретін ұстамалы ауруы) — төстің артында, кеуде клеткасының ортасында (кеуденің ішкі жағында) немесе жүрек тұсында болатын басып немесе қысып ауратын ұстамалы ауруы. Ол коронарлық артерия арқылы жүректің бұлшық еттерінің оттегіге қажетігін өтей алмауы салдарынан болады, яғни коронарлық қан айналымының жеткіліксіздігінен болады. Оның басталуы көбінесе физикалық күштемемен байланысты, аяқталуы тыныштық қалыпта байқалады, өйткені ауру ұстағанда кеуде қатты қысады; ауырсыну сол жақ қолға, жауырын мен көк желке таралады, сонымен қоса науқас адамның бойында үрейленушілік пен жалпы әлсіздік пайда болады. Стенокардия ұстамасының ұзақтығы — бірнеше минутқа созылады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
|