Мазмұнға өту

Сосиска

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сосиска және сарделька - пісірілген шұжықтардың бір түрі.

Сосиска сарделькадан формасы (жіңішкелеу келеді) және фаршының құрамымен ерекшеленеді.

Сосискалар мен сарделькалар жоғары және бірінші сортпен шығарылады.

Жоғары сорт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сүт қосылған сосискалар бірінші сортты ірі қара мал етінен және сүт пен жұмыртқа қосылған жартылай майлы шошқа етінен жасалады .

Қаймақ қосылған сосиска — бұзау , сиыр, жас малдың жоғары сортты етінен, жартылай майлы шошқа етінен және майлылығы 2 0% қаймақтан жасалады. Шикі сосискаларды сиыр және шошқа етінен жасайды.

Бірінші сорт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орыс сосискаларын бірінші сортты сиыр етінен, шошқа етінен; сиыр еті қосылған сосискаларды және сарделькаларды сиыр етінен жасайды. Жоғары және бірінші сортты сосиска мен сарделькаларға қант, тұз , мускат жаңғағы, кардамон, бұрыш (қара және хош иісті) қосады. Сарделькалардың қабығы табиғи (ішектен), ал сосискалардікі — табиғи және жасанды болып келеді, сондай-ақ қабықыз, ауа өткізбейтін пленкамен оралған түрі де болады. Сосиска мен сарделькаларды дастарқанға ыстық күйінде (пісірілген немесе қуырылған), әр түрлі гарнирлер — буға пісірілген қырыққабат, бұқтырған көк бұршақ , картоп пюресі — қосып береді. Табиғи қабығы бар сосисканы қайнаған суда 5—10 минут, сарделькаларды 10—15 минут пісіреді, піскен сосискалар мен сардельканы табиғи қабығымен қосатағамға пайдалануға болады. Жасанды қабығын пісірер алдында алып тастайды , содан кейін сосисканы қайнап тұрған суға салып, 3—5 минут пісіреді. Фарш сыртындағы жұқа қабықша қатықсыз пісірілген сосискалардың дәмін және сіңімділік қасиеттерін сақтайды. Жасанды қабықты ыстық сосискадан алып тастауға да болады. 5 —10 минут пісірілген сосискаларды суық суға салып, тым суытып алмай дереу қайта алу керек. Осыдан кейін қабығы н кесіп, сыдырыл тастайды. Оны жасанды қабығынан сыдыру оңай. Пісірер алдында сосисканы шанышқымен (немесе пышақпен) сәл кесу керек. Шикі сосисканы шанышқымен шыжғырылған май жағылғаныстық табаға салады да, аудара отырып 12—15 минут қуырады. Сбдан кейін табаның қақпағын жауып, бу пешінде 30 — 40 минут бұқтырып пісіреді. Үй жағдайында сосискалар мен сарделькаларды тоңазытқышта 2 тәуліктен артық сақтамаған жөн. Шикі сосисканы сатып алынған күні пайдаланған дұрыс.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9