Рикша
Көрініс
Рикша (жапон тілі 人力車 jinrikisha, jin — адам, рики — күш және ся — арба) — жаяу адам тартатын екі дөңгелекті, жеңіл арба.
Ол 20 ғасырдан бастап Шығыс және Оңтүстік Азия, Оңтүстік Африка елдерінде кеңінен тарады. Осы арбаны жаяу сүйрейтін адам да Рикша деп аталды. 1930 жылдан бастап Рикшаның қорабы велосипедке тіркелген түрі (педикеб) тарала бастады. Рикшалар қалалы жерлерде қатынас құралы ретінде кеңінен пайдаланылды. Қазіргі кезде көбіне туристтерге қызмет көрсету үшін педикебтер қолданылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 7 том