Пиджиндер
Пиджиндер (ағыл.businessіс сөзін бұзып айтудан шыққан) орыс. пиджины — негіз-тілдің құрылымын бұзып, қарапайымдап дамудан пайда болған тілдер типі. Пиджиндер көбінесе ағылшын тілінің негізінде қалыптасқан, сонымен бірге француз, испан, португал тілдері негізінде қалыптасқандары да кездеседі. Пиджиндер халқы аралас, әр текті елдерде этносаралық қатынас құралы ретінде қолданылады. Пиджиндер тілдің табиғи дамуы нәтижесінде емес, этносаралық қатынас жағдайында негіз-тілдің өзгеруі нәтижесінде туған. Ол — генетикалық дамудан пайда болмаған, аймақтық-типологиялық категория. Пиджиндер белгілі жағдайда ірі аймақтарда койне түрінде, кейде ресми тіл түрінде (Папуа — Жаңа Гвинеядағы неомеланезия тілі) қызмет етеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |