Мазмұнға өту

Пеларгония

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Пеларгония- қазтамақтар тұқымдасына жататын бұталар, жартылай бұталар және шөптесін өсімдіктер. Оның үлкен 4 топ құратын алуан түрлі гибридті формасы кезігеді.

  1. Ірі гүлді (королдық) пеларгония.
  2. Барқыт тәрізді пеларгония.
  3. Аймақтық пеларгония.
  4. Хош иісті пеларгония.
  • Жоғарыда көрсетілген пеларгониялардың барлығы жыл бойы 7-10 айға дейін гүлдеп тұрады. Олардың жапырақтары суккулентті болып келетіндіктен, қуаңшылыққа төзімді келеді, алайда жаппай гүл жаруы үшін күн көзі мен тыңайтқыштың жеткілікті болуы шарт. Қыс айларында өсімдікті құрғақ, салқын үйде сақтау керек. Оны өсіруге шымтопырақ пен жапырақ аралас топыраққа құм қосып пайдаланады. Пеларгонияны көктемде қайта отырғызғаннан кейін оны қысқартып, шырпып тастайды. Пеларгонияны жаңа жиналған тұқымынан немесе жас қалемшесінен көбейтеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9