Параметрлер
Параметрлер
Өзінің тұрақты мағынасын сақтайтын мөлшерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мұнай мен газ қорларын көлемдік есептеу параметрлері. Мұнай кенорнының қорын есептеу параметрлері: Ғ — мұнайлы алаптың ауданы, M2; һ — қойнауқаттың тиімді қалыңдығы, м; j — тиімді кеуектілік; m — мұнаймен қанығу; b — қайтарым коэффиценті; a — мұнайдың меншікті салмағы; һ — қойнауқаттық мұнайдың есептеу коэффиценті. Осы көрсеткіштердің көбейтіндісі мұнай кенорнының алғашқы өндірістік қорын анықтайды: Q0 = Fhjmbah. Газ кенорнының қорын есептеу параметрлері: Ғ — газды алаптың ауданы, M2; һ — қойнауқаттың тиімді қалыңдығы, м\j — тиімді кеуектілік; m — газбен қанығу; f - газ көлемін қалыпты жағдайға көшіру барысындағы температуралық түзету; Р - газ жатынындағы қысым, атм.; a — Бойл-Мариот заңынан ауыткуға енгізілетін түзету; b — қайтарым коэффиценті. Осы көрсеткіштердің көбейтіндісі газ кенорнының алғашқы өндірістік қорын анықтайды (M3): V=FhjmfPab.
Кенорынның геологиялық өндірістік параметрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кенорынды игерудің механикалық-экономикалық көрсеткіштеріне, шикізатты байытуға және өндеуге әсер ететін пайдалы қазба жатындары ерекшеліктерінің және шикізаттың табиғи қасиеттерінің сандық геологиялық сипаттамасы. Бұлардың ең бастылары: жатынның қалыңдығы. Ұзындығы, пішіні және ішкі құрылысы; пайдалы қазбаның заттық құрамы, сапасы және технологиялық қасиеттері; пайдалы қазба денесінің орналасу жағдайы; кенорынды игерудің тау-кентехнологиялық жағдайы.
Жуғыштау сұйығының параметрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жуғыштау сұйығының басты-басты қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер — олардың тығыздығы, шартты тұтқырлығы, жылжымалануының статикалық кернеуі, су беру дәрежесі, сазды құбыршағының қалыңдығы, тұрақтылығы, құм мөлшері, газ мөлшері, сутек иондарының үйірімділігі (рH), температурасы т.б.
Сейсмикалық толқын параметрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сейсмикалық толқындарды сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Бұл мәліметтер қатарына жататындар: а) толқынның мәлімденуі (вступление волны) — нақтылы мезетте орта бөлшектерінің тепе-теңдік жағдайдан алғаш ауытқуы; ә) толқын фазасы — нақтылы сәттегі толқын тербелісінің ауытқу шамасын анықтайтын сол тербелістің бір сәттік мөлшері. Толқындану процесінде ортаның нақтылы нүктесіне тиесілі толқын фазасы уақыттың функциясы болып табылса, уақыттың нақтылы сәтіне тиесілі толқын фазасы кеңістіктік координаттар функциясы болып табылады. Үйлесімді тербеліс фазасы бұрыш бірлігі болып табылатын "радиан" бірлігімен өлшене отырып, тербеліс жүйесінің кез келген сәттегі жағдайын анықтайды. Тербелістің (фазаның) ең жоғарғы және ең төменгі мәндері орта бөлшектерінің тепе-тендік жағдайдан ауытқуының ең үлкен мөлшерін көрсетеді; б) үйлесімді тербеліс жағдайындағы фазаның ең жоғарғы және ең төменгі мәндерінің аралығы "амплитуда" деп аталады; в) бір-бірімен көршілес және бір-біріне аттас екі "экстремум" аралығын сипаттайтын уақыт мөлшері "тербелістің көріністі мерізімі" деп аталады (Т); тербелу процесі осы мерізімге тең уақыт өткен сайын қайталанып отырады; г) тербеліс жиілігі (J) - бір секунд ішіндегі тербеліс саны, бұл мөлшер герц (Гц) бірлігімен өлшенеді. Тербелістің көріністі жиілігі F=1/T теңдеуімен анықталады; көріністі шеңберлік жиілік (W) W=рf теңдеуімен анықтала отырып, бір секунд ішіндегі радиан санымен өлшенеді; д) көріністі толқын ұзындығы (1) — толқынның бір-біріне көршілес екі ең жоғарғы немесе ең төменгі көрсеткіштерінің аралығындағы қашықтық; бұл көрсеткіш метрмен өлшенеді, ол көріністі мерізімге, толқынның таралу жиілігі мен жылдамдығына тәуелді бола отырып, l=n T=nf теңдеуі көмегімен анықталады; ол кейде толқын ұзындығының қайырма қатынас мөлшерімен де, яғни толқын санымен де (к) сипатталуы ықтимал: к=1/1=7/F. Толқын ұзындығы мен толқын санының бір-біріне қатынасы тербеліс мерізімі мен тербеліс жиілігінің бір-біріне қатынасымен орайлас. Нақтылы геологиялық жағдайлардағы толқын ұзындығының (1) мөлшері 50-200 м (толқынның шағылысуы) және 50-400 метр (толқынның сынуы) аралығында болып келеді. Терең сейсмикалық зондылау барысында толқын ұзындығы 1000 метрге жетуі мүмкін. Жер қойнауларына тереңдеген сайын толқын ұзындығының мәні әдетте бірте-бірте өсіп отырады, бұл аталған бағытта толқын жылдамдығының артуына және тербелістің көріністі жиілігінің кемуіне байланысты.
Жарықшақтылық параметрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жарықшақтылықтың сандық сипаттары; бұларға кіретіндер: жарықтардың яки жарықшақтардың көлемдік жиілігі; жарықтардың жиілігі; жарықшақтық, өтімділік; жарықтардың айқындылығы, олардың бағыт-бағдары тәсіл. Бұлардың көпшілігі жарықшақты жынауыштардың жинауыштық қабілетін анықтайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|