Мария-Антуанетта
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Мария-Антуанетта Австрийская Marie-Antoinette | ||||
Мария-Антуанетта | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
10 мамыр 1774 жыл — 21 қыркүйек 1792 жыл | ||||
Ізашары | Мария Лещинская | |||
Ізбасары | Жозефина Богарне | |||
Өмірбаяны | ||||
Дүниеге келуі | 2 қараша 1755 Вена, Аустрия | |||
Қайтыс болуы | 16 қазан 1793 (37 жас) | |||
Әкесі | Франц I | |||
Анасы | Мария Терезия | |||
Жұбайы | Людовик XVI | |||
Балалары | Людовик Жозеф, Мария Тереза Французская, Людовик XVII, София Елена Беатриса Французская | |||
өңдеу |
Мари́я-Антуане́тта (фр. Marie-Antoinette /maʁi ɑ̃twanɛt/, Туғандағы аты - Мария Антония Йозефа Иоганна Габсбург-Лотарингская, нем. Maria Antonia Josepha Johanna von Habsburg-Lothringen, фр. Marie Antoinette Josèphe Jeanne de Habsbourg-Lorraine; 2 қараша 1755, Вена, Аустрия — 16 қазан 1793, Париж, Франция) – Францияның патшайымы, император І Францтың және Мария-Терезияның кіші қызы. 1770 жылдан бастап Франция патшасы XVI Людовиктың әйелі. Франциядағы көтерілістен кейін Конвент оны кінәраттап, асып өлтірген.
Балалық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мария-Антуанетта 1755 жылы 2 қарашада Венада дүниеге келген. Ол Мария-Терезияның және император І Францтың он бесінші баласы болған.
Балалық шағы мен жас кезін Мария-Антуанетта Шенбрунн сарайында оны жақсы көретін, бірақ қатал отбасымен бірге өткізді. Үш жастан бастап ол корсет киюге мәжбүр болды. Императордың отбасында тәрбие кішкентай жастан басталып, Мария-Терезия ойлап тапқан қатал бағдарламамен өткен. Бағдарламаның ішіне би билеу сабақтары, театр қойылымдарына бару, тарих сабақтары, өнер, көркем жазу, ел басқару теориясы, математика және шетел тілдері кіретін. Сондай-ақ қыздар қолөнермен және ақсүйектермен сөйлесу сабақтарымен айналысатын. Мария-Терезияның тырысуына қарамастан, замандастар ханшайымның білімге құштарлығы жоқ екенін байқаған. Қыз сабақтың орнына ойын ойнағанды ұнататын, ал анасы бұған көп көңіл аудармайтын. Мария-Антуанетта неміс, француз тілін жаман менгерген, ал музыка жағынан білімі одан да жаман болатын, география мен тарихтан ол тіпті ештеңе білмейтін. Бір кезде Мария-Антуанетта би билеу сабақтарын әйгілі реформатор Жан-Жорж Новерден алған.
Аустрия мен Франция арасындағы одақ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XVIII ғасырдың екінші жартысында француз дипломаттары екі әулеттің одағын құруға талпынды. Олар Бурбондар мен Габсбургтар болған.
Сондықтан Мария-Терезия қызын Франция патшасына үйлендірмек болды. Алайда бұл кезде мәселелер туындады. Оның үлкен қызы Мария-Анна денсаулығының нашарлығының кесірінен тұрмысқа шыққан жоқ. Мария-Елизавета мен Франция патшасы XV Людовиктің некесі қалыңдықтың шешекпен ауруынан бұзылды. Оның тағы екі қызы Мария-Кристина мен Мария-Амалия грецогтарға тұрмысқа шықты. Тағы екі баласы Иоанна-Габриелла және Мария Йозефа шешектен қайтыс болды.
Неке тойы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл неке Аустрия мен Францияның арасындағы одақты және бейбітшілікті әкелуі тиіс болған. 1769 жылы неке шартына екі жақ та қолын қояды. Алайда содан кейін Мария-Антуанеттаның білімінде олқылықтар көріне бастады. Сондай-ақ болашақ патшайым француз тілі жетік меңгермегендіктен, оның анасы мұғалімдерді жалдап, қызын оқытады.
1770 жылы 19 сәуірде сенімхат арқылы неке құрылды. 21 сәуірде 14 жасар Мария-Антуанетта Венадан мәңгілікке кетеді. 7 мамырда «табыстау» жорасы өтті. Ереже бойынша қыз өзінің аустриялық достарын, қызметшілерін және киімін қалдырып, Франция жеріне өту керек. Сол жерде ол француз көйлегін киіп, сарайға баруы тиіс. Бұл болашақ патшайымының туған жерімен қоштасуы ретінде саналады.
1770 жылы 16 мамырда Версальда екінші неке тойы өтеді.
Бұл неке Мария-Антуанетта үшін сәтсіз болды. Себебі оның күйеуі фимозбен аурды және емделу үшін хирургиялық ота қажет болды. Ханзада жеті жыл бұл емнен бас тартты, алайда Мария-Антуанеттаның ағасы келіп, оны көндіреді.
Күйеуінің олқылығы Мария-Антуанеттаның жанына қатты батты. Сол себепті ол балдарға жиі барып, олардан кеш қайтатын. Ол көп көңіл көтеріп, бүкіл елді өзінің алаңғасарлығымен таңғалдырады.
Мария-Антуанеттаның соңғы күндері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көтеріліс кезінде 10 тамызда халық сарайға шабуыл жасап, патша отбасысын қамалға алады. Бес айдан кейін XVI Людовикті асып өлтіреді, ал оның әйелін түрмеге отырғызады. Мария-Антуанеттаның адал уәзірлері оның қашуын жоспарлайды.
Осы үшін бір күзетші жоспарды қағазға жазып, көзілдіріктің қорапшасына салып, оны білдірмей патшайымға береді. Қағазды оқып, аяқ киімінің өкшесімен қағазға тырнап мынаны жазады:
«Сізге сенемін. Айтқаныңызды орындаймын» - деп ол бір күзетшіге береді. Алайда бұл адам оны дереу бастығына бәрін айтып береді. Содан соң патшайымды басқа түрмеге апарады.
1793 жылы 16 қазанда Мария-Антуанеттаның басын шауып тастайды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орыс уикипедиясынан аударылған.