Сарай
Сарай - сәулет өнерінің әсем де салтанатты, бірін-бірі қайталамайтын көркем ғимараты. 13 - 15 ғасырлардан мемлекеттік өкімет орындарының маңызды қүрылыстарын, ал 19 ғасырдағы әр түрлі қоғамдық маңызы бар үйлерді де Сарай деп атады. Сарайларлар құрылысына әр дәуірдің көрнекті сөулетшілері мен бейнелеу өнері шеберлері ат салысты. Жастар, мәдениет, неке, окушылар мен спорт, т.б. Сарай түрлері болады. Қазақстанда Сарай ғимараттарын салу ісі 2-дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Республикадағы Сарай ғимаратын тұрғызу барысындағы ірі жетістік Алматы қаласында Республика сарайының (1970) салынуы болды. Алматы қаласында Неке Сарайы (1972), Оқушылар Сарайы (1983), Астана қаласында Жастар Сарайы (1974), Ақтау қаласында Мәдениет арайы. (1977), т.б. Сарайлар бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |