Кордоба
Қала | |||||
Кордоба | |||||
Córdoba | |||||
Гвадалквивир арқылы өтетін римдік көпір | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Автономиялық бірлестік | |||||
Провинция | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
37°53′ с. е. 4°46′ б. б. / 37.883° с. е. 4.767° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 37°53′ с. е. 4°46′ б. б. / 37.883° с. е. 4.767° б. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
б.з.д. 152 жыл | ||||
Бұрынғы атаулары |
Кордуба | ||||
Жер аумағы |
1252 км² | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
328 547 адам (2010) | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Пошта индексі |
140xx | ||||
Кордоба шекарасы
| |||||
Ортаққордағы санаты: Кордоба |
Кордоба (ис. Córdoba [ˈkorðoβa]) — Оңтүстік Испания мемлекетіндегі Андалусия ауданындағы қала. Кордова қаласы Сьерра-Морена тау жотасының баурайында, Гвадалквивир өзенінің оң жағалауында, шұрайлы және өте ыстық аймақта орналасқан; Кордова провинциясының астанасы. Қала Ежелгі Рим үстемдігі кезінде құрылған.
Бүгінгі таңда Кордова 321 мың тұрғыны бар орта көлемдегі қазіргі заманғы қала. Кордова – Иберия түбегінің түгелге жуық аумағын алып жатқан Кордова халифатының астанасы болған және бұл қалада сол заманның ескерткіштері көп.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]VIII ғасырда Кордова Испаниядағы араб үстемдігінің орталығына айналды.
Өзінің гүлдену кезеңіне 1 млн-дай халқы, сарайлар, мешіттер, керуен-сарайлар бар кезде Х ғасырда жетті, және араб ғылымының, поэзиясының, өнерінің орталығы болды. Кордова, халифат құлағаннан кейін, 1236 жылы Фердинанд III қаланы бағындырғанға дейін мұсылмандардың қол астында болды.
Қазіргі замандағы жағдайы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еуропалық Одақтың бастамасы — Еуропаның мәдени астанасы — Кордобаны да шалып өтті. Қала 2016 жылы аталған мәртебені иемдену құқығына үміттеніп отыр.
2011 жылдың 25-ші тамызында көп күндік Вуэльта велосипед жарысының 6-шы кезеңі аяқталды.
Қаланың көрікті жерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Әйгілі Кордова шіркеулік мешіті (Мескита), VIII ғасырда салынған ертеректе Еуропадағы ірі мешіттердің бірі, кейіннен католиктік ғибадатхана ретінде қайта салынған
- Калаорра мұнарасы
- Мавритандық стильдегі көпір 719 жылы Гвадалквивир өзені арқылы салынған
- Мавритандық патшалардың бау-бақшалармен қоршалған ежелгі сарайы; бұрынғы инквизиция сарайы — Католиктік патшалардың Алькáсара мұнарасының жанында
- Кордовадан 8 км батыста орналасқан ескі қаланың орны — Медина Ас-Сахара
- Кордова қаласының төңірегінде жылқы тұқымының өсіріледі
Атақты адамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кордова – әйгілі философтар мен ақындардың туған жері: Сенека стоицизм философиясын жақтаушы және оның немере інісі Лукан, араб философы Аверроэс, еврей теологы Маймонид. Кордовада астроном Аз-Заркали (1029—1099) жұмыс істеген. Сонымен қатар, Кордова көрнекті фламенко әртістерімен танымал.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Кордова, Испания
- Кеңестің ресми сайты. (исп.)
- Кордова туризмі (ағылш.)
- Кордова ескерткіштері (ағылш.)
- Кордова саяхатының ақпараты (ағылш.)