Евфроний
Евфроний — қызыл пішін стилінің аса ірі шебері, аттикалық құмыра өрнекшісі, көзеші, Афиныда жұмыс істеді, творчествосының гүлденген шағы б. э. бұрынғы 520—500 жж. Суретті тамаша салатын Евфроний нәзік архаикалық өнер жағдайында, сонау қара пішін стилінде жұмыс істеген аға буын шеберлер арасында өсті. Оның дарын қуаты мінсіз де мөлдір ғажайып суреттер желісі арқылы ашылды. Ефроний құл болған, кейін еркіндік алып, көзе шеберханасына иелік еткен дейтін жорамал бар. Бұл шебердің қолы қойылған 15 көзе сақталған. Мифологиялык, сюжеттермен қатар ол тұрмыстық, жанрлық оқиғаларды бейнелеген. Евфроний творчествосы о. э. бұрынғы V ғасырдың басындағы көптеген афинылық құмыра өрнекшілеріне зор ықпал жасады. Оның ең танымал шығармалары: «Гераклдың Герионмен шайқасы», «Салт атуы» (екеуі де Мюнхенде) киликтері,Гераклдың Антеймен айқасы» Лувр) және «Палестрдегі жігіт» (Берлин) кратерлері, Евфронийдің екі құмырасы Эрмитажда сақталады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|