Мазмұнға өту

Додома

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Додома
Dodoma
Әкімшілігі
Ел

 Танзания

Тарихы мен географиясы
Координаттары

6°15′ о. е. 35°45′ ш. б. / 6.250° о. е. 35.750° ш. б. / -6.250; 35.750 (G) (O) (Я)Координаттар: 6°15′ о. е. 35°45′ ш. б. / 6.250° о. е. 35.750° ш. б. / -6.250; 35.750 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

XIX ғасыр

Жер аумағы

2576 км²

Уақыт белдеуі

UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

410 956 адам (2012)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+255 26

Додома картада
Додома
Додома
Dodoma Cathedral

Додома (суах. және ағылш. Dodoma ) — Танзанияның астанасы, Додома провинциясының әкімшілік орталығы. Қала Танзанияның орталық бөлігінде, 1290 м-ге дейін көтерілетін үстіртте, Үнді мұхитының шығыс жағалауынан 320 км жерде орналасқан.

Қала мен оның төңірегіндегі ауа райы экваторлық муссондық климаттың әсерімен анықталады. Ауаның орташа айлық температурасы қаңтарда +26°С-ты, шілдеде шамамен+17°С-ты құрайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шамамен 1000 мм. Жаңбырлы маусым қараша-мамыр айларының аралығына тура келеді. Іс жүзінде жауын-шашын болмайтын құрғақ кезең маусымнан қазанға дейін созылады.

Флора мен фауна

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қала, негізінен, акациялар мен тікенді бұталар басым өсетін аласа шөпті саванналар аймағында орналасқан. Табиғи өсімдіктер қатарында, сондай-ақ камфорлы лавр ағаштардың қылқан жапырақты түрлері бар. Астананың айналасынан африкалық жабайы жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерін: киіктер мен маймылдардың алуан түрлерін, керікті, піл, мүйізтұмсықты, арыстан, леопард, қабыланды, сусиырды, зебраны кездестіруге болады. Мұнда қауырсындары ерекше көптеген құстар, олардың ішінде африкалық түйеқұс да бар.

Додома халқының саны 200 мыңнан асады. Астанада африкалық халықтық топтар: ньямвези, чагга, хая, гого, масаилардың, т.б. өкілдері тұрады. Олар бүкіл қала халқының 99%-ын құрайды. Қалғандары арабтар және еуропалық елдерден шыққандардың ұрпақтары болып табылады.

Тілі және діні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мемлекеттік тілдері — ағылшын тілі (іскерлік салада неғұрлым кең тараған) мен суахили. Додоманың дінге сенетін халкының арасында христиандар (негізінен, католиктер) мен мұсылмандар басым. Астана тұрғындарының шамалы бөлігі жергілікті дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанушылар. Додоманың негізі XIX ғасырдың соңында Герман Шығыс Африкасының құрамындағы отарлық қоныстардың бірі ретінде қаланған. XX ғасырдың бірінші онжылдығында осында қоныстанған немістер темір жол бекеті құрылысы мен қаланы елдің ірі елді мекендерімен, оның ішінде экономикалық және мәдени орталығы — Дар-эс-Салам портымен жалғастыратын темір жол салуды бастады.

1950 жылдары бүкіл Танганьикадағыдай Додомада ұлт-азаттық қозғалыс белсенді жүргізіле бастады. Ол 1961 жылы Танганьиканың тәуелсіздікке ие болуына жеткізді. 1960 жылдардың бас кезінде құрамына Танганьика мен Занзибар кірген Біріккен Танзания Республикасы құрылған соң, Додома өзімен аттас провинцияның әкімшілік орталығының ресми мәртебесіне ие болды. 1993 жылы Додома Танзанияның ресми астанасына айналды. Ел президенті мен үкімет резиденциялары Додомаға көшірілді, алайда шетелдік елшіліктер, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің өнеркәсіп кәсіпорындарының, банкілер мен кеңселердің көпшілігі бұрынғы астана Дар-Эс-Саламда қалып қойды.

Ерекшеліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Додоманың аса көңіл аударарлық аздаған орындарының арасынан Президент және үкімет резиденциялары ғимараттары мен XX ғасырдың бас кезінде Германиядан жұмысшылар салған темір жол вокзалын атап өтуге болады. Бұлардан басқа калада сикхтардың қасиетті храмы орналасқан. Оның қожайындары саяхатшыларды мұнда крассад деп аталатын тәтті тағамдар қосылған шаймен сусындатады. Бұл Танзания аумағында салынған көптеген храмдарының бірі. Теле және радио хабарларын тарату қызметтері бұрынғы астана Дар-эс-Саламда орналасқан.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Dodoma