Мазмұнға өту

Дахтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дахтар - Каспий теңізінің шығыс жағын мекендеген көшпелі сақ тайпаларының бір тобы. Дахтар - Арал теңізі мен Сырдарияның қыр жағында, Каспий теңізі мен Әмударияның аралығында көшіп жүрген сақтардың бір тобы, олардың ең мықты тайпасы.

Сақтар түгелімен Сырдария өзенінің оң жағын қоныс еткен. Құрамына массагет, дах, астақ, қам, қамақ, аримаспы, тағы басқа тайпалар кірген. Бұлар Кавказ тауын "Қап тауы" деп атаған. Жерінде Яксат (Сырдария), Оксус (Өкіссу - Әмудария) деген үлкен өзендер болған. Дахтар өжет, жауынгер халық болған. Александр Македонский (Ескендір Зұлхарнайын) Орта Азияға шабуыл жасаған кезде дахтар басқыншыларға күшті қарсылық көрсетіп, сақ тайпаларының Македонскийге қарсы бірлескен күресіне қатысқан. Дахтар жылқы, қой, түйе өсіріп, егін салған. Дахтардың тұрмыс - салты, рухани тіршілігі кейінгі замандағы қазақтардың өмір сүру салтымен өте ұқсас болған. Сол кезде өмір сүрген сақ тайпалары сияқты дахтар да Айға, Күнге, Отқа табынып, ата - баба рухын қадірлеген. Өлген адамдарының аруағын сыйлап, бір жыл өткен соң көп мал сойып, ас берген[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. .Қазақстан балалар энциклопедиясы, ТАРИХ АТА