Дат тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дат тілі
Өз атауы:

dansk

Елдер:

 Дания,  Гренландия,
 Германия,  Фарер аралдары

Аймақтар:

Дания, Шлезвиг-Гольштейн (Германия);
Бұдан басқа Фарер аралдары мен Гренландияда

Ресми күйі:

 Дания,  Фарер аралдары,  Гренландия,  Еуропа одағы

Реттейтін мекеме:

Дат тілі кеңесі (дат. Dansk Sprognævn)

Сөйлеушілер саны:

6 млн адам (2019)

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Үнді-Еуропа әулеті

Герман тармағы
Скандинавия тобы
Шығыс скандинавиялық топ тармағы
Жазуы:

латын (дат-норвег алфавиті)

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

дат 178

ISO 639-1:

da

ISO 639-2:

dan

ISO 639-3:

dan

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Дат тілі (дат. dansk) — даттықтардың тілі, скандинавиялық тілдердің бірі. Негізінен Дания мен Солтүстік Германияда таралған. Сөйлеушілердің жалпы саны — шамамен 5,7 млн адам.

Ресми мәртебе

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дания Корольдігінің ресми тілі; XVXIX ғғ. басында Норвегияның, XIX ғ.ортасына дейін — Шлезвиг-Гольштейннің ресми тілі болды.

Таралу аймағы және сөйлеушілер саны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дат тілі келесі елдерде тараған:

  • Дания — барлығы 5 425 420 адам, соның ішінде 461 614 иммигрант, олардың жартысы датша сөйлей алмайды (2005[1]).
  • Гренландия — 6,8 мың (2005, сарап) этникалық даттықтар арасында тараған және көптеген гренландтықтардың екінші тілі болып табылады.
  • Фарер аралдары — фарер тілімен (түгелге жуық ферерлықтар шет тілдей сияқты дат тілін жақсы біледі) қатар ресми аясында қолданылады, бірақ Фарер аралдарында этникалық даттықтардың саны аса көп емес.
  • Германия — Шлезвиг-Гольштейн[2]; жерінде тұратын 50 мың даттықтар үшін ана тілі болып табылады.
Эмигранттар арасында

Диалекттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Стандартты» дат тілінде (Rigsdansk) Копенгагенде және жақын жердегі аймақтарда сөйлейді, сонымен қатар, әрбір аралдың өзіндік диалекті бар. Диалекттер 3 топқа бөлінеді:

  • батыс (ютландтық, юттық) — Ютландия түбегі, оңтүстік, батыс және шығыс ютландтық деп бөлінеді;
  • аралдық — Зеландия, Фюн және оңтүстік дат аралдары;
  • шығыс — Борнхольм аралының диалекті;

Әдеби дат тілі зеланд диалекттердің негізінде XVIII ғ. пайда болды.

Латын қарпін қолданатын дат әліпбиінде 29 әріп бар (Норвег тілімен бірдей). Әліппенің ерекшелігі — Ææ, Øø, Åå әріптері. Qq, Ww, Zz әріптері тек шетелдік сөздерде кездеседі.

Әліпби әріптері Әріптердің атауы (ХФӘ)
Аа а'
Bb be'
Cc se'
Dd de'
Ee e'
Ff εf
Gg ge'
Hh hɔ'
Ii i'
Jj jɔð
Kk kʰɔ'
Ll εl
Mm εm
Nn εn
Oo o'
Pp pʰe'
Qq kʰu'
Rr εɹ
Ss εs
Tt tʰe'
Uu u'
Vv ve'
Ww dɔbəldve'
Xx εgs
Yy y'
Zz sεd
Ææ ε'
Øø ø'
Åå ɔ'

Негізгі сөздік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Danmarks Statistik
  2. National minorities Мұрағатталған 13 қарашаның 2007 жылы.
  3. [1]
  4. The 2000 American census