Гренобль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гренобль (фр. Grenoble ) — Францияның оңтүстік–шығысындағы қала және коммуна. Изер департаментінің және Дофине тарихи облысының орталығы. Француз Альпілерінің ірі өнеркәсіптік, ғылыми және университеттік орталығы. Тұрғындар саны — 160 215 адам (2013).

Физика–географиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гренобль Изер өзенінің бойында, Шартрёз, Бельдон и Веркор үш Альпі тау массиверінің түйіскен жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігіі — 214 м.

Жаздық максималды температурасы 35 °C болса, қыстық максималды температурасы −10 °C.

III ғ. аллоброгтар бұл қаланың орнына Куларо атты мекен тұрғызған. 380 жылы, рим императоры Грицианның кезінде қала Грицианополь деген атты иеленді. Рим империясы құлағаннан кейін, Киелі Рим империясы құрылғанға дейін қала бургунд әмірліктерінің территориясында орналасты.

1349 жылы бұл жерлер Францияға сатылып кетті.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өзінің озаттылығы үшін қала Азаттық орденімен және Әскери крестпен марапатталды. 1968 жылы Гренобльде X қысқы ойындары өткізілді.

Көрікті жерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]