Гаспачо
Гаспачо – испандық суық көкөніс көжесі. Атақты испандық көженің көптеген алуан түрлері бар, бірақ оны дайындаудың дәстүрлі рецептісі – Андалузиядан шыққан. Дәстүр бойынша гаспачо ағаш тостағандарда беріледі және оны ағаш қасықпен жеу керек. Күн ыстықта гаспачо ауыстырылмайтын тамақ.
Өнімнің сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1,25 кг піскен қызанақ
1 қияр
1 пияз
2 бөлік сарымсақ
200 г бөлкенің жұмсағы
4 қасық зәйтүн майы
2 қасық шарап сірке суы
1 литр суық қайнатылған су
мұз кесекшелері
бұрыш, тұз
Құрамдас бөліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкөністерді жақсылап жуып, бұқтырылған қызанақты қабығынан тазартып, төртбұрыштап кесу және дәндерін алу керек. Қиярды тазалап, дәндерін алып, 1 см-ге жуық мөлшерде төртбұрыштап кесу керек. Тазаланған пиязды ұсақтап кесу керек. Сарымсақты ұнтақтау керек. Бұрышты дәндерінен тазартып, ұсақтап кесу керек. Көкөністердің жартысын винегре тұздығымен, зәйтүн майымен, бөлкемен және суық сумен араластыру керек. Сонан соң жақсылап қақпағын жауып, 2 сағатқа тоңазытқышқа қою керек. Қалған көкөністерді жеке тостағанға салып, оларды да тоңазытқышқа қою керек.
Беру тәсілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дастарханға берудің алдында гаспачоны бұлғауышпен көпірту керек. Тұз, бұрышты дәмі бойынша қосу керек. Көжеге міндетті түрде бірнеше мұз кесекшесін салу керек.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]http://www.bonduelle.kz/gaspacho Мұрағатталған 4 желтоқсанның 2014 жылы.