Мазмұнға өту

Баға

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Баға - адамның іс-әрекетінің әлеуметтік құбылыстарына, мінез-құлқына қатынас, олардың маңыздылығын, моральдың белгілі нормалары мен принциптеріне сәйкестігін (құптау мен айыптау, келісу және сынау т.б.) анықтау.

Адамның әлеуметтік позициясымен, көзқарасымен, мәдени деңгейімен, интелектуалды және ізгілікті дамуымен анықталады. Басқа жағынан алып қарасақ, жеке тұлғаның мінез-құлық жүйесіндегі түрткілерді, мақсаттарды, әрекет құралдарын, олардың шарттарын, орынын есепке алу - дұрыс бағалаудың қажетті шарттары.[1]

Көтере сатып алу бағасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көтере сатып алу бағасы - ауыл шаруашылық өнімінің бағасы, яғни ауыл шаруашылық кəсіпорындарынан, ұйымдарынан, халықтан өнімді мемлекеттік көтере сатып алу бағасы. Ауыл шаруашылық кəсіпорындары мен ұйымдары өздері өндірген ауыл шаруашылық өнімін мемлекетке қала халқын азық-түлік өнімдерімен жабдықтау үшін көтере сатып алу бағасымен сатады. Өндірушілер өндіріске жұмсалған жоспарлары шығынды, белгіленген салықтар мен салыққа жатпайтын төлемдерді, қажетті пайданы, нарық жағдаятын басшылыққа ала отырып, ұқсатушы, дайындаушы жəне сауда кəсіпорындарымен келісу бойынша айқындалады. Дайындаушы кəсіпорындар мен ұйымдар, меншік нысандарына қарамастан шаруа (фермер) қодалықтарынан жəне халықтан ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алушы басқа да субъектілер көтере сатып алу бағасын, айналыс шығынын (ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау шығынын ), белгіленген салықтар мен салыққа жатпайтын төлемдерді басшылыққа ала отырып босату бағасын қалыптастырады[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
  2. Қаржы-экономика сөздігі. Алматы баспасы