Мазмұнға өту

Бактериемия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бактериемия (ағылш. bacter(i)emia) [грек. bacterion + háima (háimatos) – қан], адам және жануарлар ағзасының қанында бактериялардың (вирустар – виремия) пайда болу жағдайын айтады. Б. кезінде аурудың клиникалық көрінісі басталады. Жорамал бойынша, б. кезінде қанда бактериялардың көбейуі, қанның бактерицидтік қабілетінің сақталуына байланысты, жүрмейді. Бактерия жасушаларның талқандалуынан эндотоксиндер бөлуіне байланысты ағзада интоксикация туындайды.

Инфекциялық аурудың өткір кезеңінен кейін қан бактерицидтік қасиеттерін жоғалтады, онда бактриялардың белсенді көбейуі басталады (сепсис) және инфекцияның қосалқы ошақтары түзеледі. Алғашқы инфекцияның енген жеріне байланысты жарақаттық, күйгеннен кейін, өкпелік сепсис ж.т.б. ажыратады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]