Ашасүйек
Көрініс
Ашасүйек, бұғана (лат. clavicula) — құс қаңқасының иық белдеуіне жататын оң және сол бұғана нәтижесінде пайда болған сүйек. Тауық ашасүйегінің төменгі біріккен жерінде төссүйекпен байлам арқылы байланысып тұратын сүйек өсіндісі болады. Ашасүйектің жоғарғы (проксимальды) ұштарындағы буын беттері құстұмсықша (қарға) сүйекпен және тоқпан жілікпен буынды байланыс жасайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |