Мазмұнға өту

Аризона

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
АҚШ штаты

Аризона
ағылш. State of Arizona

Аризона туы Аризона мөрі
Аризона туы Аризона мөрі
АҚШ картасындағы Аризона штаты

Штат ұраны

лат. Ditat Deus

Штат әні

«The Arizona March Song» және «Arizona»

Штат лақапаты

«Үлкен каньон штаты»

Астанасы

Финикс

Ең ірі қаласы

Финикс

Ірі қалалары

Тусон
Юма
Флагстафф

Тұрғыны

7 151 502[1] (2020 жыл)
14−орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
22 адам/км²

Ауданы

6−орын
- барлығы
295 254 км²
- су беті
(0,32 %)
- ендік
31°20' с. е. бойынша 37° с. е., 500 км
- бойлық 109°3' б. б. бойынша 114°50' б. б., 645 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі 3852 м
- орташа биіктігі 1250 м
- минимал биіктігі
22 м

Штат статусын иеленуі

14 ақпан 1912 жылы
48 ретпен
- штат болмай тұрып
Аризона Аумағы

Губернаторы

Кэтлин Хоббс

Вице-губернаторы

Адриан Фонтес

Заң шығару органы

Аризона Легислатурасы
- жоғарғы палатасы Аризона Сенаты
- төменгі палатасы Аризона өкілдер палатасы

Сенат мүшелері

Кирстен Синема
Марк Эдвард Келли

Уақыт белдеуі

UTC-7

Домені

AZ, Ariz., US-AZ

Ресми сайты:

http://az.gov/


Аризона (ағылш. Arizona, ([ɛrɪˈzoʊnə]; [ærɪˈzoʊnə]; навахо Hoozdo Hahoodzo) — Америка Құрама Штаттарының 48- штаты. Елдің оңтүстік-батысында орналасқан. Ютмен, Колорадо және Нью-Мексикомен бірге «төрт бұрыш штаттары» санына кіреді . Штаттың астанасы және ірі қаласы — Финикс (Phoenix). Население штата в 2011 жылғы жағдаймен штаттың халқы 6 482 505 тұрғын — бұл көрсеткішпен Аризона АҚШ-та 16-орында. Аризонаның климаты қысы ерекше жұмсақ және жылдың жазғы уақытында жоғары температуралы.

Халық тығыздығы картасы

АҚШ халық санағы бюросының дерегі бойынша 2011 жылдың 1 маусымында Аризона халқы 6 482 505 адам; 2010 жылғы санақпен салыстырғанда 1,42 %-ке өскен.[2]. Финикс метрополисінің халық саны 1991 ден 2001 жылға дейін 45,3 % өскен, Аризона 90-жылдарда халықы ең жоғары өскен екінші штат болып саналды (Невада штаты бірінші болды).[3]. Қазіргі уақытта Финикса метрополисі халық саны 4,3 млн адамнан асқан. Аризонаның 58 %-ке жуық халқы 100 мың адамнан көп тұратын қалаларда өмір сүреді (елдің барлық штаттарының арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш).

2010 жылғы санақ бойынша штаттың нәсілдік үлесі келесідей: ақ нәсіл (73 %), афроамерикандықтар (4,1 %), байырғы америкалықтар (4,6 %), азиялықтар (2,8 %), гавайлықтар және мұхиттық аралдардың байырғы халықтары (0,2 %), басқа нәсіл өкілдері (11,9 %), екі және одан көп нәсілділер немесе аралас нәсілдер — мулаттар, метистер (3,4 %)[4]. 2009 жылғы дерек бойынша Аризона халқының шығу тегі: мексикандықтар (27,4 %), немістер (16 %), ирландықтар (10,8 %), ағылшындар (10,1 %), итальяндар (4,6 %)[5]. Аризонада үндіс тілімен сөйлейтін адам саны бойынша барлық 48 континентальды штаттар арасында арасында ең көп штат болып есептеледі. 85 мыңға жуық адам навахо тіліде сөйлейді және 10,4 мың адам батыс-апач тілінде сөйлейді. Аризоналық Апач округында үндіс тілін сақтаушылар АҚШ бойынша ең көп шоғырланған[6] 2010 жылы штатты құпия қоныстанушылар 7,9 % болды (екінші елдегі ең жоғары көрсеткіш)[7].

2005—2007 жылдары штаттың халқының 72,1 % үйде тек қана ағылшынша; 21,7 % — испанша сөйлескен .

Халық санының динамикасы:

  • 1950: 749 587 адам
  • 1960: 1 302 161 адам
  • 1970: 1 745 944 адам
  • 1980: 2 718 215 адам
  • 1990: 3 665 228 адам
  • 2000: 5 130 632 адам
  • 2010: 6 392 017 адам[8]

Халықтың дін тұтынушылар құрамы:

Аризонада 50 мыңға дейін орыстілді тұрғындар өмір сүреді[10].

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Колорадо өзенінің иілісі
Үлкен каньон
Аризоналық кратер

Аризона АҚШ-тың оңтүстік -батысында орналасқан, батысында Калифорниямен және Невадамен, солтүстігінде — Ютамен, солтүстік-шығысында — Колорадомен, шығысында — Нью-Мексико, оңтүстігінде — Мексикамен шекараласады. Штаттың территориясының аумағы 295 254 км² (елдің штаттарының ішінде 6-орында).

Штат территориясының едәуір бөлігін тау, үстірт және шөл алып жатыр. Аризонада орасан зор сары қарағайлы массиві орналасқан. Штаттың солтүстігінде Колородо өзені және ондағы Үлкен каньон орналасқан. Юго-западную часть Аризоны оңтүстік-батыс жағында Сонара шөлі, Финикс, Тусон және Юма қалалары орналасқан.

Графтықтары ағылш. Counties

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аризона графтықтарға бөлінеді. 1983 жылы штат 15 графтықа бөлінген.

Аризона графтықтары
Графтың аты Графтық орталығы Орнаған жылы Халық саны (2010)[11] Үлесі Аумағы (кв. миль.) Үлесі
Apache St. Johns 1879 71,518 1.12 % 11,218 9.84 %
Cochise Bisbee 1881 131,346 2.05 % 6,219 5.46 %
Coconino Flagstaff 1891 134,421 2.10 % 18,661 16.37 %
Gila Globe 1881 53,597 0.84 % 4,796 4.21 %
Graham Safford 1881 37,220 0.58 % 4,641 4.07 %
Greenlee Clifton 1909 8,437 0.13 % 1,848 1.62 %
La Paz Parker 1983 20,489 0.32 % 4,513 3.96 %
Maricopa Phoenix 1871 3,817,117 59.72 % 9,224 8.09 %
Mohave Kingman 1864 200,186 3.13 % 13,470 11.82 %
Navajo Holbrook 1895 107,449 1.68 % 9,959 8.74 %
Pima Tucson 1864 980,263 15.34 % 9,189 8.06 %
Pinal Florence 1875 375,770 5.88 % 5,374 4.71 %
Santa Cruz Nogales 1899 47,420 0.74 % 1,238 1.09 %
Yavapai Prescott 1865 211,033 3.30 % 8,128 7.13 %
Yuma Yuma 1864 195,751 3.06 % 5,519 4.84 %
Барлығы: 15 6,392,017 113,997

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Change in Resident Population of the 50 States, the District of Columbia, and Puerto Rico: 1910 to 2020. United States Census Bureau.
  2. Annual Estimates of the Resident Population for the United States, Regions, States, and Puerto Rico: сәуір 1, 2010 to шілде 1, 2011 (CSV). 2011 Population Estimates. АҚШ халық санағы бюросы, Population Division (желтоқсан 2011). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 ақпан 2012. Тексерілді, желтоқсан 21, 2011.
  3. «Ranking Tables for Metropolitan Areas: 1990 and 2000АҚШ халық санағы бюросы. сәуір 2, 2001. Тексерілген шілде 8, 2006.
  4. American FactFinder — Results
  5. American FactFinder, United States Census Bureau Arizona – Selected Social Characteristics in the United States: 2007-2009. Factfinder.census.gov. Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012. Тексерілді, 2 қараша 2011.
  6. Arizona has most Indian language speakers. upi.com Accessed 2011-12-12.
  7. Slevin, Peter. New Arizona law puts police in 'tenuous' spot, Washington Post (сәуір 30, 2010), бет A4.
  8. Resident Population Data — 2010 Census Мұрағатталған 17 тамыздың 2011 жылы.
  9. U.S. Religious Landscape Survey (PDF). The Pew Forum (ақпан 2008). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012. Тексерілді, 13 қазан 2009.
  10. Сайт Русской библиотеки-клуба в Финиксе, Аризона. Мұрағатталған 11 тамыздың 2011 жылы.
  11. "Table 1. The Counties and the Most Populous Incorporated Places in 2010 in Arizona: 2000 and 2010". U.S. Census Bureau. Retrieved қаңтар 8, 2012. Мұрағатталған 17 қазанның 2011 жылы.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Штаттың ресми үкімет вебсайты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Басқа дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Туризм ақпараттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]