Мазмұнға өту

Мэриленд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
АҚШ штаты

Мэриленд
ағылш. Maryland

Мэриленд туы Мэриленд мөрі
Мэриленд туы Мэриленд мөрі
АҚШ картасындағы Мэриленд штаты

Астанасы

Аннаполис

Ең ірі қаласы

Балтимор

Ірі қалалары

Силвер-Спринг

Тұрғыны

5,296 млн. (2000 жыл)
19−орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
165 адам/км²

Ауданы

- барлығы
- су беті
(21 %)
- ендік
- бойлық

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі
- орташа биіктігі
- минимал биіктігі

Губернаторы

Мартин О’Мэлли

Заң шығару органы

- жоғарғы палатасы
- төменгі палатасы

Ресми сайты:

http://www.maryland.gov/

Мэриленд (ағылш. Maryland [ˈmɛrələnd]) — орталық Атлант штаттары тобына енетін АҚШ-тың шығысындағы халқының саны 5 296 486 адам (2000ж) болатын штат. Чесапик шығанағы шайып жатқан жағалау, Пенсельвания, Делавэр, Вирджиния штаттарымен шекаралас, Колумбия, батыс Вирджиния округтерімен шектесетін, жалпы көлемі 27091 шаршы км аймақты алып жатқан ел. Астанасы — Аннаполис. Басты табиғи аймақтары: Чесапик шығанағы жағалауындағы жазық, Пидмонг және Аппалачи платосындағы құнарлы ауылшаруашылығы жерлері. Осындан 10 000 жыл бұрынғы Мұз дәуірінде аңшы тайпалары мекендеген. Еуропалықтар келгенге дейін бұл жерде нантикоктар мен пискатавтар тайпалары өмір сүрген. 1608 жылы Чесопик шығанағы аймағын капитан Джон Смит зерттеген. Мэриленд Чесопик шығанағы қарамағына Балтимор лордына Британия королі Сесилу Кальверттің бұйрығымен қосылған. Оның ағасы Леонард Кальверт 1634 жылы бұл жерге алғашқы қоныстанушыларды орналастырып, Сент-Мерис-Ситиді ашты. Отарланушыларға діни еркіндік жариялады. Шекара жөніндегі Пенсильваниямен арадағы ерегіс 1760 жылы Майсон-Диксон сызығын жүргізумен аяқталды. 1788 жылы Мэриленд АҚШ конституциясына қол қойған 7-ші штат болды. 1791 жылы Колумбия округі федерация астанасы орналасатын жер үшін штаттан бөлініп алынды. 1812 жылғы соғыс кезінде Макгенри форты ағылшындар шабуылына ұшырады. 1845 жылы Аннаполисте АҚШ-тың теңіз академиясы негізі қаланды. Азамат соғысы басталған кезде штат ресми түрде солтүстікшілер жағында болды. Алайда тұрғындардың көптеген бөлігі оңтүстікшілерді жақтап, әскерге шақыруды мойындамай келді. Штаттың соғыстан кейін көркеюі штаттың оңтүстік және орталық-батыс өңірін азық-түліктен қамтамасыз ету орталығы ретінде қалыптасуына байланысты болды. XX ғасырда штаттын астанаға жақын болуы халық санының өсуіне себеп болды. Экономикасының басым бөлігін әкімшілік қызметті атқару және тоқыма өндірісінің табысы құрады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ Энциклопедиясы.