Мазмұнға өту

Антрацит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Көмір-антрацит

Антрацит [1] – көмірленудің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен көмір. Сыртқы белгілері: түсі қара сұр немесе сұр қара, металдай жылтыр, құрылымы әр түрлі, қолға жұқпайды. Эндогенді жіктер мен сызаттарының арасы 2 – 20 мм, кейде 80 мм болып келеді. Меншікті салмағы 1,37 – 1,68 г/см3, органикалық массасының меншікті салмағы 1,5 – 1,8 г/см3, ылғалдылығы 1 – 3%, газ бөлінуі 2 – 4%. Химиялық құрамында 94 – 97% көміртек; 1 – 3%-дай сутек пен оттек; 1 – 2%-дай күкірт пен азот бар. Жылу қуаты 8,1 – 8,2 мың ккал/кг, кокстегенде түйіршіктері бірікпейді. Антрацит жақсы электр өткізгіш, өздігінен тұтанбайды, қасиетін өзгертпейді, ұзақ уақыт сақталады. Каротаж диаграммаларында антрацит қабаттары электр өткізгіштігімен ерекшеленеді. Антрацит домна пештерінде пайдаланылады, жіксіз таза кесектерінен ток өткізгіш электрод жасайды.[2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
  2. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
  3. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.