Мазмұнға өту

Аннуитет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Аннуитет (фр. annuité лат. annuus — жылдық) немесе қаржылық рента – бұл бірдей интервалмен белгіленген жылдарда бір бағыттағы төлемнің кезектілігімен белгіленген ағымы.

Аннуитеттердің теориясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аннуитеттердің теориясы – қаржылық матеметиканың маңызды бөлігі. Ол бағалы қағаздардың табысын анықтауда инвестициялық талдауда қолданылады.

Аннуитеттің ең жиі қолданылатын сәттері болып, зейнет-ақы қорына тұрақты салымдар, ұзақ мерзімді несиелі өтеу, бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлеу, регрестік исктер бойынша төлеу.

Аннуитеттер өзара келесі негізгі сипаттамалар бойынша бөлінеді:

  1. Әр бөлек төлемнің мөлшері бойынша;
  2. Төлемдердің уақыттағы интервалы бойынша;
  3. Соңғы мерзімнің бітуіне дейін, ануитедтердің басынан бастап (бірақ мәңгі ануитедтер болуы мүмкін)
  4. Пайыздық қойылымдар өсіру және төлемнің дисконттау кезінде қолданылады.

Аннуитеттердің түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Пренумеранды – бұл сәйкестендірілген интервалдардың басында төлем жасалынатын аннуитет.
  • Постнумеранды немесе кәдімгі аннуитет – бұл интервалдың соңында төлем жасайтын аннуитет, ол ең жиі қолданылатын аннуитет.
  • Тұрақты аннуитет – бұл бірдей төлемдерді кіргізетін немесе белгілі бір заңдылықпен өзгерілетін ануитедтер. Олар тәжірибеде аз қызықты болып табылады.

Аннуитеттердің болашақ құны – бұл ануитедке кіргізілген әрбөлек төлемнің немесе түсімнің болашақ құнының сомасы. Мысалы, біз 3 жыл аралығында 250 теңгені10 пайыздық жылдық қойылыммен әр жыл сайын пайыздарды есептеумен инвестициямыз 250 теңгелік ануитедтің болашақ құны қандай болады.

Шешім: Есептеу үшін болашақ құндардың формуласын қолданамыз.

FV = PV*(1+r)n (1)

Әр мерзім үшін бөлек. Онда 250 теңгенің болашақ құны 3 жыл ағымында әр жылдың соңында инвестицияланса келесідей болады:

1 жыл – 250*(0,1*0,1) = 250*1,21 = 302,50

2 жыл – 250*(0,1) = 275

3 жыл – 250*1 = 250

302,50+275+250=827,5

Нннуитеттердің ағымдағы құны – бұл аннуитетке кіргізілетін әр бөлек төлемдердің немесе түсімнің ағымдағы құнының сомасы. Оны анықтау үшін арнайы кесте қолданылады.

Мысалы, 250 теңгелік 3 жылға 10 % -қ жылдық қойылымы бар, әр жылдың соңында төленетін ануитедтердің ағымдағы құнын анықтау керек.

Шешімі: Ол үшін келесі формула қолданылады:

PV=FV*1/(1+r)n (2)

Әр мерзім үшін бөлек есептеледі.

1 жыл: 250*1/(1+0,1)= 250*0,91= 227,2

2 жыл: 250*1/1,21= 250*0,8264= 206,6

3 жыл: 250*1/1,331= 250*0,7513= 187,95

227+206,6+187,95= 621,72

Қолданылғанәдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты.–Алматы: Корпорация «КАРАНА-ЮСАНД», 2007 ж.
  • Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н, Құдайбергенов Н.А., ЖантаеваА.Ә. Қаржылық есеп. Оқу құралы/ Алматы.: Экономика, 2007.- 335б.
  • Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Өңделіп және толықтырылып 3 – ші басылуы. – Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2010. – 656б.
  • Терехова В.А. Финансовый учет: краткий курс. – Питер, 2008.– 368 с.