Мазмұнға өту

Алебастр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Алебастр[1][2] (гр. ἀλάβαστρος - күйдірілген бор)

  1. минерал, гипстің қардай ақ ұсақ түйіршікті түрі;
  2. құрылыс гипсі, байланыстырушы тұтқыр материал. Ол табиғи гипсті (CaSO4 2H2O), ангидритті (CaSO4) және кейбір құрылыс өнеркәсібіндегі қалдықтарды 140-1900С температурада күйдіріп, ұнтақтау нәтижесінде алынады. Алебастрдан сылақ езбесі, құйма қалыптары, құрылысқа қажетті бөлшектер, гипстік құйматас, едендік тақта, жасанды мәрмәр әзірленеді. Алебастр медицинада сынықты емдеу кезінде пайдаланылады. Қағаз, бояу, металл, цемент өндірісінде қолданылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
  2. Қазақ энциклопедиясы