Аида (опера)
“Аида” - Әлемге әйгілі композитор Джузеппе Вердидің операсы
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мысыр үкіметі 1868 жылы Суэц каналының қазылып бітуіне байланысты, халықтық сюжетке құрылған опера жаздырмақ болып Вердиге тапсырыс берген көрінеді. Әрі оның алғашқы қойылымын Каирдегі жаңа театрдың ашылу құрметіне бағыштаса керек. Үкімет ұсынған, артында мемлекеттің қомақты құрметі бар тосын тапсырманы орындауға әуелгіде талантты композитор аса құлықты болмаған сияқты. Тек екі жыл өткен соң сценарий авторы, ұлты француз Франсуа Огюст Фердинан Мариеттің қолжазбасымен танысқан Верди үкіметті тағы да таң қалдырып, аяқ астынан келісімін берген екен. Либреттоға ежелгі Египет перғауындарының Эфиопия елімен арасындағы көп жылдық күресі жайлы папирусқа жазылған мәліметтер өзек болады.
“Аида” операсы адамзаттың ең құнды адами сезімі жайлы баяндайтын шығарма болып есептеледі. Жаужүрек жауынгер, батыр қолбасшы Радамес пен эфиопиялық күң Аида арасындағы трагедиялық махаббат хикаясы көрерменімен алғаш осылай қауышқан болатын. Патша қызы мен алтын тақтан бас тартқан қаһарман Радамес, отанына қашу мүмкіндігі бола тұрса да сүйіктісімен бірге өлуді мұрат тұтқан өжет қыз бәрібір тарих толқынында жеңімпаз болып шықты.
Осындай кішігірім қызғылықты оқиғалардан бастау алатын опера тарихы күні бүгінге дейін құндылығын жойған жоқ.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|