Мазмұнға өту

Үнді тілдері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үнді тілдері, үндіарий тілдері — үндіеуропа тілдер шоғырының көне үнді тармағынан тараған тілдер тобы.

Үнді тілдерінде сөйлеушілердің саны шамамен 800 млн-дай (2001). Үнді тілдері негізінен Солтүстік және Орталық Үндістанға, Пәкістанға, Бангладешке, Цейлон мен Непал елдеріне тараған. Туыстық жағынан Үнді тілдері үнді-иран тобының дард және иран тілдеріне жақын. Үнді тілдерінің ерекшелігі орта ғасырдағы үнді тілдері мен диалектілерінің, ортақ даму бағыты мен әр алуан тілдердің бір-біріне әсер етуі және бұл тілдердің тоғысуы нәтижесінде қалыптасуында. Үнді тілдерінде (хинди, урду, бенгали, т.б.) жазылған әдебиеттерде брахми әліпбиінің тарихи нұсқалары (девакагари, бал-бодх, гурмукхи, т.б.), араб-парсы графикасы немесе арнайы әліпбилер (грантка, ланда, т.б.) пайдаланған (қ. Үнді жазуы). Үнді тілдері Үндістанда хинди, урду, бенгал, маратхи, гуджарати, панджаби, ория ассам, синдхи тілдері, Пәкістанда урду тілі, Бангладеште бенгал тілі, Непалда непал тілі, Шри-Ланкада (Цейлонда) сингал тілі ресми тілдер қатарында.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9