Мазмұнға өту

Үгіт-насихат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үгіт-насихат технологиялары - жалпы адамдардың санасезімін бақылап, арбауға бағытталған технологиялар. Мұндай жағдайларда қолданылатын қоғамдық пікірмен байланыс және ақпараттандыру тәсілдері мен техникалары саяси реакциялар мен қалың қауымның, халықтың қалауын жасанды түрде түзуге бағытталған. Бұл тұрғыда ақпараттандыруға тән үгіт-насихаттың негізгі тәсілдері мен әдістері ретінде дезинформацияны, мәліметтерді бұрмалау, реципиенттердің санасын арбау технологияларын жатқызуға болады. "Дезинформация" термині I дүниежүзілік соғыс жылдарында қарсыластарды адастыру, шатастыру, жаңылыстыру мақсатында қолданылды. Бұл тактика қарсыласты тікелей алдауға, жала, жалған фактілерді бұрмалап беруді білдіреді. Жалған хабар тарату арбау технологияларының құрамдас бөлігі. Ол ерекше ақпарат арқылы реципиенттер санасында коммуникатордың өз мақсатымен сәйкес келіп, үндесетін ниет туғызуды көздейді. Басқаша айтқанда, арбау реципиенттердің еркін көзге ілмей, оларға құрал ретінде қарап, ниетін бағдарлау, оған жат мүдделерге қызмет еткізу. Жасырын жүргізілетін контрагенттің ойы мен сана-сезімін басқаруда арнайы соған сәйкес ақпараттық тәсілдер ойластырьшады. Мысалы, үзіп немесе тандап ақпараттандыру. Бұл жағдайда реципиенттерге оқиға жайлы ақпарат толық берілмейді. "Ақпарат толқыны" адамға аққарасын айыруға мұрсат бермейді, сөйтіп шарасыз күйге түсіреді. Арбаудың тағы бір көп кездесетін түрі "ақпаратты қалыптандыру". Яғни, дайын бейнелерді, стереотиптерді сомдау. Олар мағыналық өңдеуді қажетсінбейді, сондықтан, сөзсіз бағдарланған реакция тудырады. Мысалы, кеңестік кезеңде капитализм, жеке меншік образдары жағымсыз мәнге ие еді, ал жағымды социализм керісінше, бейбітшілік, түрақтылық ұясындай сипатталатын. Мұндай қалыптандырылған бейнелер көбіне адамдар арасында әлеуметтік, ұлттық, діни алауыздық тудырады. Арбау түріндегі көп кездесетін, кең таралған тәсілдердің бірі "таңба тағу", яғни жекелеген адамдарға, олардың іс-әрекетгеріне үзілді-кесілді оң немесе теріс баға беру. Сондай-ақ арбау технологияларына ақпаратқа кең түсініктеме беруден бас тартып, оны психологиялық ұйытып, сендіру техникасымен алмастыру техникасы жатады. Мұндай ақпараттық арсенал әлеуметтік қатерлі аймақтарда қолданылады. Мысалы, тұрғындардың әртүрлі топтарының арасындағы қарсыластықты пайдалану, биліктің адалдығына күмән келтіру, тағы басқалар. Мұндай акциялар адамдарда қорқьшыш, үрей, жек көрушілік тудырады. Сондай-ақ диффармация, яғни, қарсыласты әш-керелейтін ақпаратты жариялау да кең тараған (Қараңыз: Диффамация.) Үгіт-насихат түріндегі ақпараттық технологиялар саяси жанжал, ақпараттық және психологиялық соғыс, ақпараттық лаңкестік, бақталастардың мүдделері мен қоғамдық репутацияларына нұқсан келтіру, тіпті, оларды саясат аренасынан тықсырып, шығарып тастауға бағытталады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3