Мазмұнға өту

Факт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Факт — танылған, түсіндірілген, қабылданған (адам санасына бағынышсыз) тұрақты объективті шындық болып, оны дәлел-уәждер арқылы растауға болады. Мысалы, "сөйлем сөзден құралады" деген тілдік факт; "күн де жұлдыз" дегеніміз космологиялық факт. Ары қарай, "Қорқыт ата түркі халықтарының рухани ұстазы" дегеніміз тарихи, мәдени факт. Осынау сөйлемдердің растығын түрлі нақты әрі шын оқиғалармен, істермен дәлелдеуге болады. Олар әрі сөзсіздікке ие, әрі түсіндіру қажеттілігіне ие.

Әлдебір кітап, не біреудің көзқарасы факт болмайды, факт растығы тәжірибе жүзінде дәлелденген болуы, адам оны рас екенін анықтай алуы керек. Болмаса ол жай наным, түсінік, қиял ғана.

Керісі, тіпті рас болса да, мысалы "Көптеген бұзаулар сүйкімді болады" деген факт емес, өйткені адамдардың эстетикалық бейімін факт ету қиын. Факт мұнда солай есептеушілердің эстетикалық талғамын емес, мәлім құбылысты растау болуы керек, егер "көптеген адам бұзауды сүйкімді көреді" десек, міне бұл факт болады, өйткені сауалнама арқылы көп адамдардың бұзауды сүйкімді деп есептеуін анықтауға болады.

Факттік пайымдауды тексеруді тексерімділік (verifiability) деп атаймыз. Тексерімділік дегеніміз тәжірибеге сай екенін дәлелдей алу-алмау. Кей нәрселердің растығын тексеру оңай, ал кей істерді қиын. Қиындарын абстаркция жасауымыз мүмкін, бірақ ол сенімді факт болмайды, жай жорамал ғана болады. Ғылыми факт қайталанбалы түрде, анық-айқын түрде эксперимент арқылы, есептеу арқылы, өлшеу арқылы растай алу мүмкіндігі.

Этимологиясы мен сөз қолданылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Факт сөзі Латынның factum сөзінен шыққан, оның жалпы мағынасы "болған іске қатысты әлдене" дегенді білдіреді. Бұл сөз ХVIғ ортасынан бастап ағылшын тіліне ене бастаған.[1][2] Қазақ тіліне бұл сөз орыс тілінен енді, кейде шын, рас дегендермен алмасып істетілуі мүмкін, бірақ академиялық қазақ тілінде осы нұсқасы ғана қолданылады.

Факт кейде ақиқат дегенмен синоним ретінде қолданылып, көзқарас, қателік, әсері дегенге қарсы қолданылады. Мысалы, "Осы шынының ақ екені факт" дегендей. Немесе, "тарихи емес, факт емес, жай елес қана". Кинорежиссер Werner Herzog ол екеуін ажыратты: "Факт нормаларды жасап шығарады, ал ақиқат нұрландырады."[3]

Факт сондай-ақ көзқарастың дәлелді болуына басымдық береді: "Бұл істің фактісі ..." дегендей.

Философияда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Философияда факт әрі эпистемологиялық, әрі онтологиялық. Объективтілік сұрағы мен ақиқаты факт сұрағымен байланысады. Факт мұнда мәлім пікірді растайтын болып жатқан шын оқиғалар, нақты істің өзі.

Фактті пайымдауды рас еткен информация деуге де болады. "Юпитер күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар" деген сөйлемді Юпитердің үлкендігіне қатысты мәліметтер арқылы, басқа ғаламшарлармен салыстыру арқылы растауға болады.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Fact". OED_2d_Ed_1989, (but note the conventional uses: after the fact and before the fact).
  2. "Fact" (1a). OED_2d_Ed_1989 Joye Exp. Dan. xi. Z vij b, Let emprours and kinges know this godly kynges fact. 1545
  3. Werner Herzog Film: Statements / Texts. Wernerherzog.com (30 сәуір 1999). Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 шілде 2014. Тексерілді, 14 шілде 2014.
  4. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6