Құрбақалар
Құрбақалар Қазбалық ауқымы: 57–0 Ma Late Paleocene – Recent[1] | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кәдімгі құрбақа (Bufo bufo)
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
)
|
Құрбақа (лат. Bufonidae) – құйрықсыз қосмекенділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған (тек Антарктидада кездеспейді). 21 туысы, 300-дей түрі белгілі. Бұлардың көзінің арт жағында құлақ маңы безі жақсы дамыған, үстіңгі жақ сүйегінде тіс болмайды. Артқы аяғындағы саусақтарының ұшы жартылай жарғақпен байланысқан. Қазақстанда құрбақаның 3 түрі: кәдімгі Құрбақа (Bufo bufo), жасыл құрбақа (Bufo vіrіdіs) және даната құрбақасы кездеседі. Кәдімгі құрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді болатындықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Кәдімгі Қүрбақаның денесінің ұзындығы 20 см, орманды-далалы аймақтарды мекендейді. Жасыл құрбақаның денесінің ұзындығы 14 см-дей, орманды-далалы алқаптарда, биік тауларда да (4500 м-ге дейін) және шөлді жерлерде тіршілік етеді. Құрбақалар денесі кеппеу үшін, күндіз орман төсенішінің астына, тышқандар мен көртышқанның індерінде, құлаған ағаш пен олардың тамырының астына жасырынып, қорегін түнде аулайды. Жаңбырлы күндері күндіз де белсенді тіршілік етеді. Өрмекші, құмырсқа, жұлдызқұрт, шырышты ұлу, шұбалшаңмен, т.б. қоректенеді. Індерде, тұрғын үй астында, қоймаларда қыркүйектің аяғы мен қазаннан бастап қысқы ұйқыға кетеді. Наурыздың аяғы — мамырдың басында қысқы ұйқыдан оянғаннан кейін ақпайтын немесе ағыны баяу су қоймасына уылдырығын шаша бастайды. Аталықтары үш, аналықтары төрт жасында жыныстық жағынан жетіледі. өз. 3 — 5 м-ге жететін уылдырық (1200 — 7000 мыңға жуық) жіпшелерін суға салады. Итшабақ 50 күндей дамып, ұзындығы 30 — 32 мм-ге жетеді. Құрбақалар зиянды жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.[2].
Денесі 2 ден 25 см дейін. Көпшілік түрлерінің тістері жоқ. Денесі жалпақ, ауыр, аяқтары кысқа тырнақтары қарапайым, дискісіз. Антарктидан басқа барлық жерде 21 туыстың 300-дей түрі таралған. Ең қарапайым түрі Африкада таралған тірі туатын Қ., (Nectophyrinoides туысы). 200-ден астам түрі Bufo туысынан. Көз қарашығы горизонтальді орналасқан, көздің артқы жағында, ірі құлақ маңы улы бездері орналасқан, артқы аяқтарының саусақ аралығы жартылай жүзу жарғағымен қосылған, арқасында тұтас өте ұсақ улы бездері бар. ТМД-да 4 түрі таралған. Ең кең таралған түрі кәдімгі немесе сүрғылт Қ., (В. bufo), ұзындығы 20 см, орманды және далалық аймақтарда кездеседі. Жасыл Қ., (В. viridis), ұзындығы 14 см, орманды, далалық аймақтарымен тауды, (4500 м) мекендейді. Қамыс Қ., (В. calamita), ұзындығы 8 см, ол Прибалтика, Беларусияда және Украинада кездеседі Қ. құрлық жануарлары. Суда жүзе алмайды, баяу қозғалады. Кешқұрым белсенділігі артады. Қорегі, омыртқасыздар. Кұрлықта кыстайды. Көпшілік түрлері суда көбейеді. Ұрғашылары 1200 ден 7000 дейін жұмыртқа салады. Оңтүстік Америка құрбақасынын. (ага В. marinus) уымен жергілікті қалың садақ оқтарын уландырады. 6 түрі ХТҚО-ның Қызыл кітабына енгізілген, ал қамыс Қ. КСРО-ның Қызыл кітабында.[3]
Қаңқасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрбақаның қаңқа негізі арқаны бойлай созылған омыртқа жотасы болып табылады. Омыртқа жотасы бір мойын омыртқасынан, 7 арқа омыртқасынан, бір сегізкөз омыртқасынан және тұтасып кетіп бір сүйекке айналған құйрық омыртқасынан құралады. Мойын омыртқасы негізінен шеміршектен түзілген бассүйекке , ал аяқ сүйектер екі белдеу арқылы омыртқа жотасына жалғасады. Төссүйек, екі бүғана, екі қарға сүйектердің бір шеті омыртқа жотасына, екінші бөлігі ортан жілікке байланысу арқылы жамбас белдеуі түзіледі. Жамбас сүйектер омыртқа жотасына тығыз жабысады да ортан жіліктің қимылдауына мүмкіндік жасап, буын арқылы байланысады. Бақада кеуде торы болмайды, яғни қабырғалары болмағандықтан, төссүйегі арқа омыртқаларына жалғаса алмайды.
Құрбақаның аяқ сүйектері аяқтағы бөліктерге сай келеді. Алдыңғы аяғында тоқпан жілік, кәрі жілік және алақан-саусақ сүйектері, артқы аяғында ортан жілік, асықты жілік және табан сүйектері болады.Бұл сүйектер өзара буын арқылы байланысады.
Бұлшықеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрбақаның бұлшықеттері балыққа қарағанда күрделі. Бұл оның құрлықта әр түрлі қимылдар жасап қозғалатынына байланысты. Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда бақаның қаңқасындағы бұлшықет 350-ден астам жеке бұлшықеттерден құралады.
Тыныс алуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ересек құрбақа ауадағы оттегімен тыныс алады, ал дернәсілі желбезек арқылы суда еріген оттегін тынысалуға пайдаланады. Оны тынысалу мүшесі- ұяшықтары бар жұқа қабырғалы екі дорбашадан тұратын өкпе. Құрбақа ауаны ішке қарай танау тесіктері арқылы тартқанда ауа ауызға, одан көмекей саңылауы арқылы өкпеге өтеді, бұл кезде танау тесігіндегі қақпақ жабылады. Құрбақаның кеуде қуысы болмағандықтан, тыныс алған кезде ауаны аңқасы арқылы сорып, сыртқа шығарады, сондықтан бақаның алқымы үнемі бүлкілдеп тұрады. Бақалар суда жүргенде терісі арқылы тыныс алады.
Қоректенуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрбақа ебедейсіз қимылдап, бунақденелілердің дернәсілімен, жорғалап жүретін қоңыз, құмырсқа, кандаламен, басқа да бау-бақша зиянкестерімен қоректенеді. Ол аузына түскен қорегін баяу қимылдайтын тілі арқылы ауыз-жұтқыншақ қуысына- аңқаға бағыттайды, қорек өңеш арқылы қапшық тәрізді қарынға түседі. Бауырдан бөлінген өт және ұйқыбезінің сөлі қарыннан ішекке түскен қоректі қорытады. Құрбақаның тік ішегі кеңейеді және одан несепағар , жыныс өнімдері шығатын өзектер және қуық ашылып, клоакаға айналады.
Қан айналымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрбақаның қанайналым жүйесі -екі шеңберлі, жүрегі үш бөліктен , яғни екі жүрекшеден және бір қарыншадан құралады. Ауадағы оттегіне қаныққан өкпедегі таза салатамыр қаны көктамырлар арқылы сол жақ құлақшаға құяды, ал оң жақ құлақша бүкіл денені аралап, көмірқышқыл газға қаныққан көктамыр қанын қабылдайды. Құрбақаның қарыншасында аралас қан болады. Қарынша жиырылғанда ерекше қантамыр арқылы салатамырдағы қан миға, ал қарыншадан шыққан аралас қан бүкіл мүшелер мен ұлпаларға таралады. Бүкіл мүшелерден жиналған қан оң жақ құлақшаға құяды. Қарыншадан басталып, оң жақ құлақшаға құған қан жолы қанайналымның үлкен шеңбері деп аталады. Ал қарыншадан шығып, теріден және өкпеден жиналған салатамырдың қаны өкпеден жүректің сол жақ құлақшасына ораласады. Қанның бұл жолы қанайналымның кіші шеңбері деп аталады.[4]
Тері ерекшеліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бақалардың терілері жартылай өткізгіш болып табылады. Олардың терілері тек ішкі мүшелерін қаптап қана қоймай, газдар мен су алмасуына да септігін тигізеді. Терісі су кезде судағы оттегіні өзіне тартады. Кей кездері олардың терілері жабысқақ, былжырақ болып келеді. Мұның себебі – олардың терісі денелерінде ылғалды сақтайтын шырыштың бір түрін бөледі. Терілерінің былжырап тұрғанына қарамастан, бұл құрбақалар суға жақын болулары тиіс. Алайда құрбақалардың терілері бақалардың терілеріне қарағанда қаттырақ болады. Олардың терілері бақалардың терілерінен гөрі құрғақшылыққа төзімдірек келеді. Осының арқасында құрбақалар су көзінен алыстау қашықтықтарға бара алады.
Зәр шығаруы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрбақаның зәр шығару мүшесі- ұзынша келген екі бүйрек, ол дененің ішкі жағында омыртқа жотасын бойлай орналасады. Бүйректен бөлінген несеп екі несепағар арқылы клоакаға жиналып, одан қуыққа барады. Қуық жиырылған кезде қайтадан клоакаға құйылып, одан сыртқа шығарылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Zweifel, Richard G. Encyclopedia of Reptiles and Amphibians / Cogger, H.G. & Zweifel, R.G. — San Diego: Academic Press, 1998. — P. 91–92. — ISBN 0-12-178560-2.
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- ↑ Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 152б., ISBN 5-625-03599-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |