Мазмұнға өту

Қырғи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қырғи
Мекиен
Мекиен
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Сұңқартәрізділер
(немесе Қаршығатәрізділер, q.v.)

Тұқымдасы: Accipitridae
Тегі: Accipiter
Түрі: A. nisus
Екі-есімді атауы
Accipiter nisus
(Linnaeus, 1758)
      Жазда ұялайтын кезінде       Жыл бойы       Қыста
      Жазда ұялайтын кезінде       Жыл бойы       Қыста
Түршелері

A. n. granti
A. n. melaschistos
A. n. nisosimilis
A. n. nisus
A. n. punicus
A. n. wolterstorffi

Accipiter nisus
Accipiter nisus

Қырғи (лат. Accipiter nisus) — қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.

Қазақстанда Ертіс өзені бойында, Алтай, Қалба, Солтүстік Тянь-Шань тауларында және Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы қылқан жапырақты және шыршалы ормандарда жиі кездеседі. Шәулісінің қанатының ұзындығы 224, ұябасарыныкі 260 мм, шәулісінің салмағы 150, ал ұябасарыныкі – 300 г-дай. Арқасы көкшіл-сұр түсті, бауырында көлденең орналасқан қоңыр жолақтары бар. Солтүстік аймақтарда жыл құсы, оңтүстікте отырықшы құс.

Наурызмамыр айларында ұшып келіп, ағаш басына ұя салады. өяға салған қошқыл дақтары бар ақшыл жұмыртқаларын (3 – 4) ұябасары 35 күндей шайқайды. Шәулісі балапандарын 50 күндей қоректендіреді. Қыркүйек – қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Қырғи ұсақ торғайларды, кемірушілерді аулап қорек етеді. Қолға тез үйренеді. Құсбегілер Қырғиды бөдене аулауға пайдаланған.[2]

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қырғи – шағын денелі (150-300 г, қанатының алымы – 80 см шамасында) қаршыға. Аналығының жоны - алуан реңкті көкшіл сұр, төбесі – қаралтым, қасы-ақ, желкесі – ақшыл шұбар болып келеді. Бауыры – ақшыл немесе қоңыр немесе қызылсары көлденең безендірмелері бар қызыл қошқыл. Нұрлы қабығы қызылсары реңді. Тұмсығы – көкшілдеу қоңыр. Балсірісі және аяғы – сары. Аналықтары және жас қырғилардың жоны қоңыр түсті, ал жас қырғилардың төсінде көлдене жолақтардың орнына тамшы сияқты теңбілдер болады.

Солтүстік-батыс Африка тоғайларында және Еуропаның қоңыржай еңдіктерінде мекендейді. Қазақстанда орманды дала зонасында. Сондай-ақ оңтүстік-шығыстың тау ормандарында ұялайды. Негізгі қорегі – дене мөлшері бөденедей және түпкердей құстар. Қырғи балапандарын негізінде торғайтәріздес құстардың ұшуға даярланған балапандарының жаппай пайда болуымен бір мезгілде жұмыртқа дарып шығуы кездейсоқтық болмаса керек. Ұяларын ағаш басына салады. Салындыдағы 2–5 ( көбінесе 3–4) сирек теңбілді ақшыл жұмыртқаларды аналығы отыз күн бойы басады. Аталық аналықты қоректендіреді және балапандарына елу күн жем береді. Ұялау орындарын қазанда тастап, көктемде – сәуірде қайта оралады.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International Species factsheet: Accipiter nisus. BirdLife International. Тексерілді, 4 наурыз 2010.
  2. Қазақстан Энциклопедиясы
  3. мектеп энциклопедиясы "Құстар", Ковшарь