Мазмұнға өту

Қоңыр түс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қоңыр түс — спектральды түске жатпайтын, тек жасыл мен қызыл түстің немесе қызғылттың сұр немесе көкпен қосылысы, сары мен пурпурлы түстің қосындысы болып табылатын түс.

Табиғаттағы өлшемі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл түс табиғатта сирек кездеседі. Бұл түс жаңғақтың, жабайы ат пен аюдың, еліктің және т.б жануарлар мен өсімдіктердің түсі болып табылады. Сонымен қоса адамның шашы мен көзінің түсі болып табылады.

Психология саласындағы қабылдануы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барлық адам қоңыр түсті есіне алған кезде оның есіне ағаш діңі түседі. Осының әсерінен қоңыр түс құнарлылық пен өнімділіктің белгісіне айналды.

Қоңыр түс ақ немесе сары түс секілді жарық және қара түс секілді жабық түс болмағандықтан бұл түсті киімдерді қарапайым халық киді. Кейіннен бұл түс байлар ішінде де атаққа ие бола бастады. Тек 20 ғасырда ғана бұл дәстүр өз күшін жойды.