Кемпірқосақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қызыл алаңның үстіндегі қос кемпірқосақ
Гродно қаласының үстіндегі кемпірқосақ, Беларусь

Кемпірқосақ — аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр тамшыларының үлкен-кішілігіне байланысты өзгеріп отырады. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды[1].

«Кемпірқосақ» сөзі «Кем бір қосақ» сөз тіркесінен шыққан. Жеті түсті доғадан құралғандықтан, доғаларды үш қосқа және бір дара (қосақсыз) доғаға бөлуге болады. Соңғы қостың бір қосағы кем болғандықтан «кем бір қосақ» сөзі тұрақты сөз тіресіне айналып кеткен.

Қазақ тіліндегі ілгерінді ықпалдың нәтижесінде «б» ұяң дыбысы «м» үнді дыбысының ықпалынан «п» қатаң дыбысына айналып, «кемпірқосақ» атауы шыққан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.