Мазмұнға өту

Янтарь

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ішінде құмырсқасы бар балтық янтары

Янтарь (ағылш. Amber, лат. gentarasағаш шайыры) – палеоген кезеңінде өскен қылқан жапырақты ағаштардың шайырларынан түзілген органикалық қосылыс түріндегі минерал. Химиялық формуласы: C40H64O4, құрамы (%-бен): С – 79,0; Н – 11,0; О – 10,0 және аздаған күкірт қоспасы бар. Минералдық түрлері: сукцинит, глессит, бокерит, кранцит, стантинит. Минералдық агрегаттары қатпар, тамшы, сталактит түрінде келеді. Түсі сары қызыл, сары, қоңыр, жылтыр, мөлдір, жарықты жақсы өткізеді, аморфты, шытынап сынады. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 2 – 2,5, тығыздығы 1,0 – 1,1 г/см3, 1500С-та жұмсарады, 250 – 4000С-та балқиды. Жанғанда хош иіс шығарады. Жақсы өңделеді, электр тогын өте нашар өткізеді, бензол мен күкіртті көміртекте жақсы ериді. Янтарь Балтық теңіз жағалауында, Польшада, Германияда, Данияда, Швецияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та табылған. Ол оқшаулағыштық бұйымдар, Янтарь қышқылы медицина препараттар, сыр, т.б. дайындауға, зергерлік істе қолданылады. [1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том