Мазмұнға өту

Яичница

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Яичница

Яичница. Оны тек жұмыртқаның таза өзінен немесе түрлі өнімдер араластырып, мысалы ет өнімдерін (ветчина, колбаса, шпик, ет), көкөністер (көк жуа, помидор, бадана, саумалдық, картоп), сүт тағамдарын (ірімшік, кілегей, қаймақ, сүт), қайнатпа, бал, алма т. б. қосып әзірлеуге болады. Яичницаны сары майға немесе тортасын айырған майға, асханалық маргаринге қуы- рады.

Көпіршітіп пісірген яичница

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көпіршітіп пісірген яичница май еріткен шағын табаға жұмыртқаны жарып салып, оттан алады да, үстіне аздап сүт құяды, тұз сеуіп, көпіршітеді. Отын басыңқырап, үздіксіз араластыра отырып қуырады. Яичница сұйықтау ботқаға айналғанда табаны оттан алады. Содан кейін оны тәрелкеге салады да, оның айналасына сары майға қуырылған ақ нан қояды. 3 жұмыртқа: 1 ас қасық сары май немесе маргарин, 2 ас қасық сүт керек.

Көк бадана қосып пісірген яичннца.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көк бадана қосып пісірген яичннца. Бадана қындарын талшықтарын антазартыл, турайды да тұзды суға пісіріп кепсермен сүзіп алады. Содан соң сары майға аздап қуырыл алып, үстіне шикі жұмыртқа құяды да тұздал, толық піскенше қайта қуырады. 5 жұмыртқаға 200 г бадана қыны, 1 ас қасық сары май немесе маргарин керек.

Помидор мен пияз қосқан яичница

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Помидор мен пияз қосқан яичница. Помидордың қабығын аршыл, тілімден кеседі де аздап қуырады. Содан соң үстіне шикі жұмыртқа құйып, 7—8 минут араластырмай қуырады да, тұз салып, бұрыш- тайды. Дөңгелектеп кесілген пиязды бөлек қуырыл, яичницамен бірге береді. 3—4 помидорға (250—300 г): 4—5 жұмыртқа, 4 ас қасық сары май немесе маргарин, 4—5 жуа керек.

Көк пияз қосып пісірген яичница

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көк пияз қосып пісірген яичница. Көк пиязды жуып, тазартады. Содан кейін сүртіл, құрғатады. Ұсақтал кесілген соң шикі жұмыртқа құйыл араластырады да, тұздал, әбден піскенше сары майға қуырады.

Ірімшік және сүзбе қосқан яичница

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ірімшік және сүзбе қосқан яичница. Жұмыртқаны жарып ірі тісті үккішпен үгітілген сүзбемен аралас- тырып, сары майға қуырады. 6 жұмыртқа, 7 5 г сүзбе, 4—5 ас қасық сары май немесе маргарин керек.

Алма қосқан яичница

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алма қосқан яичница. Алмалы тазартыл, өзегін алып тастайды да, қалыңдығын 0,5 см-ден кеседі де, бидай ұнына аунатып алып, сары майға қуырады. Содан соң үстіне шикі жұмыртқа құйыл, духовкаға қойып пісіреді.

Драчена. Шикі жұмыртқаны бидай ұнымен аралас- тырып, сары май қосады да, тағы да аралаетыра- ды. Қоспаға әлсін-әлсін жылы сүт құйыл араластырып сұйылтады. Артынан елекке құйыл сүзеді. Сүзіп алынған массаны май жағылған табаға салып духов- када пісіреді. Драчена піскен бойда үстіне май құяды да бірден дастарқанға қояды. 3 жұмыртқа: 2{/2 ас қасық сүт, 1 шай қасық бидай ұйы, 2 шай қасық ерітілген сары май керек.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9