Мазмұнға өту

Эстамп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Эстамп (франц. estampe, ағылш. prіnt, итал. stampa – баспа, таңба) – көркем графиканың қондырғылы шығармасы болып табылатын гравюра немесе литография көшірмесі, суретшінің баспа түрінен көшіріп жасаған мөртаңбасы. Гравюра мен литографиялар эстамптың ең көп тараған түріне жатады.

Эстамптың фотомех. репродукциядан айырмашылығы сол, ол гравюрашы-шебер немесе литографияшының өзі әзірлеген баспалық пошымнан алынып басылады. Қазақстанда 1950 – 60 ж. В.И. Антощенко-Оленев графиканың көп тараған түрлерінің бірінен саналатын Э. саласында (“Тың жерде”, 1958; Қазақстанның шығармаларына жасаған иллюстрациялары, 1964) қалам тартты. Эстамп арқылы әр түрлі техникада пейзаждар, жанрлық көріністер мен график. циклдер бейнеленді. Эстамптың дамуына Алматы көркемсурет училишесіндегі графика бөлімінің (қазіргі Қазақтың пед. ун-тінің графика ф-тінің) ашылуы көп ықпал етті. ҚР Көркемсурет қоры жанынан арнаулы Эстамп цехы ұйымдастырылды. Аға ұрпақ өкілі Е.М. Сидоркинмен (“С.Сейфуллинді оқығанда”, 1954) қа-тар графикашылар М.Қисамединов (“Махамбет” топтамасы, 1973), Е.С. Бейсембинова (“Көктем”, автопортрет, 1974), И.Исабаев (“Қазақ эпосы”, “Қобыланды батыр”, 1979) және М.Сыздықов (“Туған ел шежіресі” топтамасы, 1983) шығарм-нан да Эстамп елеулі орын алды. Кейіннен осы салаға жас суретшілер Т.Мұқатов (Ы.Шөрековтің “Исатай – Махамбет” кітабына жасаған иллюстрациялары, 1976), Б.Машрапов (І.Ғ. Мырзалиевтің “Жерұйық” кітабына жасаған иллюстрациялары, 1976, офорт), М.Сыздықов (Б.Майтановтың “Абай. Тарих, тұлға, уақыт” кітабына жасаған иллюстрациялары, 2004), т.б. ден қойды.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8