Эклогит
Эклогит (грек. ekloge – таңдау, сұрыптау) – гранат (пироп) пен пироксеннен (омфацит) тұратын, кейпі кристалл түйірлі, шомбал немесе тақтатасты тау жынысы. Химиялық құрамы жағынан Эклогит габбро-норитке сәйкес келеді, бірақ тығыздығы одан жоғары (3,35 – 4,2 г/см3). Жанама және акцессорлық минералдарына рутил, кианит, корунд, санидин, коэсит, энстатит, графит, алмаз, флогопит жатады. Зерттеушілер Эклогитті жоғары температура мен жоғары қысым жағдайында пайда болған метаморфтық тау жынысына жатқызады. Эклогиттің орташа тереңдіктердегі метаморфтық кешендерге тән келетіндігі анықталған. Эклогит амфиболиттік, гранулиттік формацияларға жататын, күшті метаморфтануға шалынған тау жыныстарында ұшырасады. Ол Ресейде Сібір кимберлит түтіктерінен, Қазақстанда Көкшетау қыратынан табылған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |