Эдмонтон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Елді мекен
Эдмонтон
Edmonton
Әкімшілігі
Ел

 Канада

Аймағы

Альберта Провинциясы

Мэр

Дон Айверсон

Тарихы мен географиясы
Координаттары

53°37′19″ с. е. 113°29′25″ б. б. / 53.621838° с. е. 113.490143° б. б. / 53.621838; -113.490143 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°37′19″ с. е. 113°29′25″ б. б. / 53.621838° с. е. 113.490143° б. б. / 53.621838; -113.490143 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1795

Жер аумағы

684 км² км²

Уақыт белдеуі

UTC-7

Тұрғындары
Тұрғыны

932 546 адам (2016) адам

Ресми тілі

Ағылшын тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+1-780

edmonton.ca

Эдмонтон картада
Эдмонтон
Эдмонтон

Эдмонтон (ағылш. Edmonton) — Канаданың Альберта Провинциясының әкімшілік орталығы.2016 жыл бойынша қалада 932 546 адам тұрады.Маңындағы елді мекендермен 1,16 миллион тұрғыны бар агломерация құрайды.

Норт-Саскачеван өзенінің бойында орналасқан.

Қаладағы шеру, 1920 жыл

Қаланың негізін 1795 жылы "Гудзон шығанағының Компаниясы" қалаған.

Қаланың атауы компанияның иесі Джеймс Винтер Лейктің туған қаласымен байланысты.

Форт Эдмонтон аймақта тері сатумен танымал болған.

Үкімет кәсіпкерлерге жерді төмен бағамен сатқандықтан, қала қарқынды түрде дамыған.

Эдмонтон 1892 жылы қала статусына ие болды.Халық саны 700 адам шамасында болған.

1906 жылы Альберта Провинциясы құралған кезде, қала аймақтың әкімшілік орталығына айналды.

1940 жылдардың соңында қала маңында мұнайдың жаңа кен орныдары ашылған кезде, Эдмонтон экономикалық түрде қарқынды дами бастады.1950 жылдары қаланың халқы 150 мыңнан 270 мыңға дейін өсті.

Қазіргі кезде Эдмонтон-Канаданың маңызды экономикалық және мәдени орталығы болып табылады.

Қалан климаттың қоңыржай белдеуінде орналасқан, яғни қыста күндер суық, ал жазы ыстық және ылғалды болып келеді.

2012 жыл бойынша қаланың халық саны - 817 498 адам.

Қаланың ұлттық құрамы:

  • Ақтар (еуропалықтар) — 71,8 %
  • Азиаттар — 16,3 %
  • Үндістер — 5,3 %
  • Қара нәсілді адамдар — 2,6 %.

Адамдардың орташа жасы - 35,3 жас.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаланың негізгі экономикалық саласы - мұнай және мұнай өнімдерін өндіру.Қала "Канаданың мұнай астанасы" ретінде танымал.

Қалада «Telus», «IBM», «BioWare», «Дженерал Электрик», «Канада Батыс Банкі» сияқты ірі корпорациялардың офистері және штаб-пәтерлері орналасқан.[1]

Бауырлас қалалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Эдмонтон | Edmonton | Канада | Город Эдмонтон.