Мазмұнға өту

Шұлық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қолмен тоқылған шұлық

Шұлық - аяқтың төменгі бөлігіне киілетін, тізеге дейін жетпейтін қысқа киім түрі. Ол жануар терісінен, жүннен, тоқымалардан және түрлі материалдардан тігіліп жасалынады. Ежелгі заманда шұлық малдың терісінен немесе күңгірт жүнінен тігілген. 16 ғасырдың аяғында машинамен тоқылған шұлықтар пайда болды. Ал 19 ғасырдың басынан шұлық жасауда машина арқылы тоқу - басым әдіс болды.

Киім стиліне деген маңызы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Классикалық костюм астына киетін шұлықтардың ең үздік түстері: қара көк, көк боз, қою жасыл және қара, яғни костюм түсінен қаралау болып келеді.

Сонымен қатар шұлықтар сызықтарпен, тормен және кез келген басқа суреттермен бейнеленеді. Алайда оларды спорттық шалбармен немесе джинс шалбарымен киген жөн болады, себебі барлық шұлықтар қатаң костюммен жараса бермейді.

Қара түстілері — әмбебап шұлықтар. Олар тек іскерлік костюмдермен ғана емес, сонымен қатар джинсымен және спорттық костюммен жарасады.

Ақ шұлықты тек спортпен айналысқанда ғана киеді.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шұлық гигиенаның негізгі заты. Шұлықтар аяқ киім кигендегі аяқтың ыңғайлылығын қыамтамасыз ету үшін ұолданылады. Сонымен қатар ауа райы суық болғанда аяқтың жылуын сақтап тұрады.

Шұлықты бөлменің ішінде аяқ киімсіз киіп жүруге болады.

Жүннен тоқылған қалың шұлықтар суық күндері аяқты "жылытуға" көмектеседі (табиғи жылуды сақтпа тұру үшін).

Өлшем кестесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Шұлық өлшемі (метрлік) Аяқ киімнің өлшемі (штихмассивті)
23 әйелдің 35-37
25 әйелдің 38-40
25 ердің 39-40
27 41-43
29 44-46
31 47-48
23-25 36-38
25-27 39-41
27-29 42-44
29-31 45-47

Тағы да қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]