Мазмұнға өту

Шансон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шансо́н (фран. chanson — ән) — француздық кабар стилистикасындағы эстрадалық ән.

Шансон жанрын француздық кабарда әншілер XIX ғасырдаXX ғасырдың алғашқы жартысында қолданған. Олардың арасынан Аристид Брюан, Мистингетт көбірек танымал болып саналады. Кабардан бұл шансондар модификациясы француз эстрада музыкасына XX ғасырда келді. Осы кабар жанрымен қоса сол уақытта француз әнінде «реалистикалық әндер» бағыты болды (chanson réaliste), практикалық түрде айтқанда, әнді бұл жанрдағы әнді әрдайым әйел адамдар орындаған. Ең танымал орындаушылар Дамиа, Фреэль және Эдит Пиаф болды. 50–жылдары нақты осы бағыт екіге бөлінді және осы уақытқа дейін қолданыста.

Әннің мағынасы ақындық компонентте сомдалады, автор өзі орындаушы болып саналатын тағы бір түрі бар.Бұл жанр реалистикалық әндер дәстүрін француз жалғастырушылар Лео Ферре, Жорж Брассенс және белгиялы Жак Брель деген адамдардың аттарымен тығыз байланысты.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]